— Семинардың бірінші күні түске дейін қатысушылар теориялық негізде сабақтар алып, тренингтерге қатысты. Қазір ағаш егудің маңыздылығын түсініп, әр қатысушы бір-бір досын шақырып, тал екті. Семинарға шетелдік қонақтар қатысты. Жалпы, іс-шараны басқа да қалаларда ұйымдастыру жоспарланып отыр, — деді ASA жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Данара Саранова.
Іс-шара барысында дендробақ аумағына семинар қатысушылары 50-ге жуық көшет отырғызды.
Айта кетейік, Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды.
Р. ЖОЛДАСОВА, М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың 4-курс студенті