ДИСПЕТЧЕРЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Пятница, 20 Май 2022 04:10Шымкентте көшелерді жарықтандыру жүйесі бір орталықтан басқарылады. Күні кеше диспетчерлік орталықтың жаңа кеңсесі іске қосылды. Орталық жұмысымен қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков танысты.
ОҢАЙ ОЛЖА ЖАРҒА ЖЫҚПАСЫН
Среда, 18 Май 2022 04:15Елімізде интернет алаяқтық азаймай тұр. Статистика бойынша, соңғы 5 жылда республикада мұндай фактілер 10 есе көбейген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.
ОТБАСЫ – ОТАН ТІРЕГІ
Пятница, 13 Май 2022 04:31Қазақ қоғамында отбасы институтына қашан да баса мән берілген. «Отбасы – шағын мемлекет» деген аталы сөз содан қалса керек. Расында, әр отбасы берік болса, мемлекет іргесі де мықты болады. Қоғам отбасы қауымдастығынан құралады, сондықтан, еліміздегі отбасы негізінің берік қалануы – мемлекеттік деңгейдегі ауқымды мәселе. Отбасы институтын қорғау, дамыту – маңызды мәселенің бірі. Себебі, ресми статистика бойынша елімізде ажырасқан жұптар саны азаймай отыр.
ХАЛЫҚ ТАЛАБЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Пятница, 06 Май 2022 05:05Шаһар басшысының халық алдындағы кезекті есепті кездесуі Еңбекші ауданы аумағында өтті. Жиынды ашып берген Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр
Нарымбетов бұған дейін тұрғындармен жаңа форматта 80-ге жуық кездесу өткенін айтты. Ол жиындарда 693 мәселе көтеріліп, бүгінге дейін 91-і шешілген. 518 талап-тілек жыл соңына дейін шешімін тауып, қалған 84 сұрақ қаржыға байланысты келесі жылға өтпелі. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполистің дамуына тоқталды.
«АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
Пятница, 06 Май 2022 05:01Пилоттық жобаны қалалық полиция департаменті қаржылық реттеу агенттігімен бірге жүзеге асыруда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев мәлімдеді.
Ерлік – ұрпаққа мұра
Пятница, 06 Май 2022 04:56Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігі мерекелік іс-шара өткізіп, соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы жеңіс күні мерекелеріне арнап дастархан жайылды, сый-сияпат жасалды. Алдымен майданда және тылда жан қиған марқұмдарға арнап, Құран оқылды.
ЖОЛДАР ТАСПАМЕН ТАРТЫЛҒАНДАЙ БОЛАДЫ
Среда, 04 Май 2022 03:4541 магистральді көше ағымдағыжөндеуден өтті
Үшінші мегаполисте жолдарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұған жауапты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бірінші кезекте, магистральді көшелерді күтіп-ұстау жұмыстары орындалуда. Кешенді жоспар аясында ауа райының қолайлы сәттерінде ағымдағы жөндеу жүргізіліп, ой-шұңқырлар тегістелді.
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Среда, 04 Май 2022 03:42Кеңес төрағасы Шалатай Мырзахметұлының төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде қаладағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар мен саланы дамыту шаралары, Шымкенттегі қоғамдық-саяси тұрақтылық бағытындағы және әлеуметтік саладағы мәселелер қаралды.