Жаужүрек, белкөтерер, өрметөс, үлпершек...
Пятница, 18 Март 2022 04:22Қазақ халқының даналығы, тапқырлығы, өмірге бейімдігі шешендік әңгімелер мен тарихи деректерден бөлек, ұлттық тағамдарымыздан да көрініс тапқан. Қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, денсаулыққа да пайдасы мол тағамдар — ұлттық астың төресі. Біз бүгін әз-Наурыз мерекесі қарсаңында ұмыт болған, сирек қолданылатын ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, дәріптеп жүрген Шымкент қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұлттың тағамдарды насихаттаудағы жұмысымен таныстыруды жөн көрдік.
Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ, «Жастар театрының» көркемдік жетекшісі, режиссер: «Мен өзімді де, оларды да аямаймын»
Среда, 16 Март 2022 04:27Сан қырлылығымен, жаңашылдығымен қазақ театр өнерінде өзіндік орнын айшықтаған, жас та болса жасампаз өнер ордаларының бірі — «Жастар театры» 10-14 наурыз аралығында Шымкентке гастрольдік сапармен келді. Шымкенттіктердің ыстық ықыласына бөленіп, көрерменнің көзайымына айналды. Ал бұл еңбектің басым бөлігі театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссеріне тиесілі екені анық. Осы сапар барысында театрдың негізін қалаушы, режиссер, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙМЕН аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.
ШЫМКЕНТ «ЖАСТАР ТЕАТРЫН» АНШЛАГПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Среда, 16 Март 2022 04:26Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры» гастрольдік сапарын Шымкент қаласынан бастады. Өнер ұжымы 10-14 наурыз аралығында шымкенттік көрермендерімен қауышып, театр сүйер қауымның назарына 5 бірдей қойылым ұсынды. Гастрольдік сапар театрдың 15 жылдығына орай басталып отыр.
Гүлия ЖҮЗЕНОВА, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС-нің бас директоры: БЕЛЕСТЕРДІ ОТБАСЫМЫЗБЕН БІРГЕ БАҒЫНДЫРЫП КЕЛЕМІЗ
Пятница, 04 Март 2022 03:43«ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС — Қазақстанның фармацевтика нарығында өзіндік брендін қалыптастырып, тіптен ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясын иеленген компания. Ал, осындай игі істің басында жүрген «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС-нің бас директоры Гүлия Жүзенова — еліміздің фармацевтика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, ҚР Президентінің «Шапағат» медалімен марапатталған аяулы ана. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Гүлия Бексұлтанқызымен сұқбатымызды ұсынып отырмыз.
КӘСІБИ ТЕАТР ҰҒЫМЫН ӘКЕЛГЕН ТАУ ТҰЛҒА
Среда, 23 Февраль 2022 05:02Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры — Шымкенттегі өнер ордаларының қарашаңырағы. Биыл қазақтың ұлттық кәсіби театрының негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, режиссер, драматург Жұмат Шаниннің туғанына – 130 жыл. Алаштың арда ұлының ұлт үшін еткен еңбегі мен төккен тері бүгінгі қазақ театрының қалыптасуындағы алғашқы қадам еді. Тарихқа көз жүгіртсек, ХХ ғасырдың 30-жылдарында Ж.Шаниннің қаламынан туған «Арқалық батыр», «Шахта» пьесалары Шымкент облыстық драма театрында қойылған деседі. Ал биыл өнер ордасы драматургтің өмір жолынан сыр шертетін спектакльді сахналамақ. Тақырыпты тарқатар болсақ.
45 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Пятница, 18 Февраль 2022 04:38Шымкентке «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылы — 403, биыл 413 квота бөлінген. Өткен жылы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасымен 105 келіншек жүктілік бойынша есепке алынған. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева мәлімдеді.
ҮЙ ДЕ, КҮЙ ДЕ БОЛАДЫ
Среда, 16 Февраль 2022 04:06Биыл Шымкентте 8841 отбасының тұрғынжайды жалдау ақысы субсидияланады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев мәлімдеді.
КІТАПТЫ ЖҮРЕКПЕН ОҚИТЫН ЖІГЕРЛІ ЖАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Среда, 16 Февраль 2022 03:44«Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына». Бұл түркі халықтарының ойшылы, ақын Әлішер Науаи айтқан пайым. Расында да, кітап оқырман таңдамайды, барлығына пайдалы ілім ұсынады, тіптен онысы үшін ақы да сұрамайды.
Шымкенттік кітапсүйер қауым үшін 2021 жыл жағымды жаңалыққа толы жыл болды. Себебі, қаладағы тозығы жеткен 10 кітапхана модернизациядан өтіп, оқырмандарына жаңа леп әкелді. Олардың қатарында Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретіндерге арналған арнайы кітапхана ғимараты да бар. Бүгін осындай ерекше жандарға қызмет көрсетіп отырған ұжымның тыныс-тіршілігі мен мүмкіндіктері жайлы баяндамақпыз.