Биыл өңірімізде «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінген болатын. Осы қаражат есебінен облыстағы 562 инфрақұрылымдық нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жөнделетін ғимараттардың 250-і – транспорттық инфрақұрылым нысаны, 97-і – білім беру, 28-і – мәдениет, 20-ы – спорт, 15-і – инженерлік-комуналдық инфрақұрылым, 12-сі – әлеуметтік қорғау және 5-уі – денсаулық сақтау нысандары.
Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 3 680 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.
Айта кетсек, бүгінгі таңда 83 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 1 581 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 861 адам «ЖҚЖК – 2020» бағдарламасына қатысушылар.