Осыдан екі апта бұрын Қошқарата өзені жағасындағы демалыс аймағын аралап көрген қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов шаһар тұрғындары үшін ыңғайлы, қолжетімді тынығу орнын жасауға тапсырма берген болатын. Кеше, сол жөндеу жұмыстарын тексеріп шығып, Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен тиісті салалық бөлімдерге қосымша тапсырмалар берді.

Атап айтар болсақ, демалыс аймағында түрлі қызмет көрсету орындары, көпшілікке арналған киім ауыстыру бөлмелері, жұртшылық көп орналасқан орындағы әжетхана мәселесі және де көлік тұрағы керек екендігін айтып, демалыс аймағы төтенше жағдайларға қажетті құрылғылармен қамтылуы керектігін тапсырды.

Әкім тапсырмасына сай екі апта уақыт ішінде өзен жағалауында демалушыларға қажетті құрылғылар орнатылып, жағалаудың сәні кіре бастады. Қалалықтар шілденің шіліңгір ыстығында мұздай тұнығына шомылатын Қошқарата өзені жағалауына қолайлы жағдай жасап берген қала басшысына алғысын білдірді.

Опубликовано в Қала
Страница 2 из 2