Хошиминде (Вьетнам) бокстан әйелдер арасында Азия чемпионаты аяқталды.
Ұлттық құраманың қоржынында – 1 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде. 64 келіде сынға түскен жерлесіміз Мадина Нұршаева финалда қытайлық Доу Даннан айласын асырып, құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды.
М. Нұршаева – Оңтүстік боксының түлегі. Бұған дейін көптеген халықаралық турнирлерде мықтылығын мойындатқан. Бүгінде Б. Елшиев басқаратын ОҚО кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алады.
Сондай-ақ, облыс спортшылары араға жеті жыл салып, Азия чемпионатының алтын жүлдесімен қуантып отыр. 2010 жылы Астана төрінде Жайна Шекербекова (54 келі) осы нәтижеге қол жеткізген-тұғын.