Пятница, 08 Июль 2016 06:50

«Көше спорты» жанданып келедi

Салауатты өмір салтын, көшеде жүріп-ақ қалыптастыруға болады. «Басқа жол» спорт орталығының ұйытқы болуымен бүгінде Шымкентте 300-ге жуық жас тұрақты түрде «Street Workout» спорт түрімен айналысады. Орталық жетекшісі Александр Водоладцкийден тәлім алатын әуесқой спортшылардың қатарында егде жастағы азаматтар да бар.

street

– Қазір біз «Оңтүстік уоркаут» федерациясын ашуды жоспарлап отырмыз. Сол арқылы Шымкентте әлемдік және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу ойымызда бар, – дейді орталық жетекшісі.
Бүгінде «Көше спортына» қызығушылардың қатары күн санап артып келеді. Оларға ыңғайлы жағдай жасау үшін жергілікті билік тарапынан да қолдау бар. Атап айтқанда, қаланың әрбір бөлігінен арнайы алаңшалар ашылып, онда тұрғындар тұрақты түрде жаттығып жүр.

Опубликовано в Спорт