Таяуда Біріккен күрес әлемі (UWW) Олимпиадада төре-лік ететін қазылардың тізімін бекітті. Рио-де-Жанейро бозкілемінде төрелік жасау мәртебесіне ие болған – жалпы елу адам. Қазақ елі үшін қуанышты жаңалық – іріктелген қазылардың ішінде жерлесіміз Бақытжан Жақсықұлов та бар.

13342902 1130534510343896 5440633047196234295 n

Талай халықаралық додаларда өз біліктілігін дәлелдеген азамат мінекей, екінші рет Олимпиадада төрелік еткелі отыр. 

Б.Жақсықұловтың бұған дейін Лондонда өткен ғаламдық бәсекеде абыройлы қазылық еткенін көпшілік білер. Одан бері де әлем және Азия чемпионаттарында өз білім-біліктілігін дәлелдеді. Жыл өткен сайын жауапкершілік жүгі де ауырлай түскен.

Жерлесімізге Рио бозкілемінде супервайзер болу міндеті жүктеліп отыр. Супервайзердің қызметі – кілемдегі төрешілердің жұмысын қадағалау, даулы жағдайлардың әділдігін айту.
– Бұл – үлкен жауапкершілік. Біздің нағыз біліктілігіміз сыналар сәт. Олимпиадаға баруға Қазақстан күрес федерациясының басшылары да зор қолдау көрсетті, – дейді халықаралық дәрежедегі төреші.

Білікті маманның 2013 жылдан бері Шымкент қалалық №4 Ләззат Тәжиева атындағы спорт мектебіне басшылық ететінін де айта кеткен жөн.

Опубликовано в Спорт