Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті Избранное

Пятница, 28 Декабрь 2018 04:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3321 раз

Биылғы шілдеде Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңадан құрылып, аз уақыттың ішінде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарған.

Ассамблея 7

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен қалалық Қазақстан халқы Ассамблея Кеңесінің алғашқы отырысында айтылды.
– Бүгінде этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін әлем елдері мойындап, үлгі етіп келеді. Елімізде 100-ден астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында татулықты ту етіп, Қазақстанның игілігі үшін табысты еңбек етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болып отырған этносаралық татулықты сапалы іске асыру – бізге жүктеліп отырған абыройлы міндет, - деді қала әкімі Ғ.Әбдірахымов.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов Ассамблея тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Одан кейінАссамблея мүшелері бекітіліп, төрағаның қоғамдық негіздегі орынбасарлығына түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов, славян этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романова және өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Тахиржан Хакимбеков тағайындалды.
Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовпен этно-мәдени бірлестік өкілдерімен еркін әңгімелесіп, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Жиын қорытындысында Ғабидолла Әбдірахымов «Қазақтану» жобасын жандандыру, Шымкент қаласының этнокартасын дайындау, қалалық мәслихатта «Бірлік» депутаттық тобын құру, 2019 жылғы Өзбекстандағы Қазақстан жылына және еліміздегі Жастар жылына орай бірлескен іс-шараларды нақтылау жөнінде Ассамблея хатшылығына, басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан елеулі еңбегі үшін қалалық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев пен әзербайжан этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Арзу Гурбанова «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Белгілі кәсіпкер, меценат Айдар Досболов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісін иеленсе, танымал қолөнер шебері Берік Бейісбеков, қала әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Әмірхан Құдайберген ҚХА-ның Құрмет Грамотасын, «Ладушки» кондитерлік дүкендер желісінің бас директоры Светлана Лугина ҚХА-ның Алғыс хатын алды.

Последнее изменение Пятница, 28 Декабрь 2018 05:35
Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.