Қайта тапсыру құны белгiлi болды

Пятница, 01 Апрель 2016 04:44 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4149 раз

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл бітірушілер ҰБТ-ны белгіленген мерзімде 1-15 маусым аралығында тапсырады. Шекті деңгейді жинай алмаған бітірушілер үшін ағымдағы жылдың тамыз айында барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында орналасқан базалық жоғары оқу орындарында тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.

36ea2271309672c1d4ffe3941ab57d4bҰБТ-ны қайта тапсыруға болатын жоғары оқу орындарының тізімі Білім және ғылым министрлігі тарапынан айқындалады. Шекті деңгейді жинай алмаған бітірушілер тестілеуді төрт пән бойынша қайта тапсырады: оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен (бейінді). Тестілеуді екінші рет тапсыру үшін талапкерге тек тұрғылықты жер бойынша жақын орналасқан базалық ЖОО-ға өтініш, 3х4 көлемдегі 4 сурет, және орта мектепті немесе ТжКО-ны бітіргендігі туралы құжаттар тапсыру қажет. Қайта тестілеу рәсімінің құны – 2242 теңге.
Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сенат депутаттары білім беру туралы заңға түзету енгізіп, бұл заңның мектеп түлектеріне ҰБТ-ны екінші мәрте тапсыруға мүмкіндік беретiнін хабарлаған болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.