Ертең еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылады. Соңғы қоңырау сыңғырымен биыл қала бойынша жалпы орта мектепті 7431 оқушы бітіргелі отыр. Оның 5059-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда мың оқушыға артық. Қанат қаққалы отырған түлектердің қатарында 254 оқушы – «Алтын белгіге» және 173-і…
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде білім саласының бүгінгі ахуалы жан-жақты талқыланды. Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, биыл 5059 оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда мың оқушыға артып отыр. Олардың ішінде 254-і «Алтын белгіге», 173 –…
«ІТ әлемінде». Осындай атаумен «Көрме орталығында» ақпараттық технологиялар саласы бойынша жоба байқауы өтті. Шымкент қаласы әкімдігі мен физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ІТ және кәсіптік бейімділіктерін дамытуға көмек беру, түрлі салаларда әлеуметтік маңызы бар қолданбалы бағдарламалар…
– Биыл Ұлы Жеңіске 72 жыл, Қазақстан Қарулы Күштеріне 25 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай, «Жас ұлан» республикалық мектебінің ұжымы кешегі сұрапыл соғысты көзімен көрген аға буын өкілдерімен кездесулер ұйымдастырып, бірқатар іс-шараларды кеңінен атап өтуде. Айта кетейік, қазіргі күні мектебімізде 9-11 сыныптар бойынша…
Шымкентте «Отбасы – бақыт мекені» атты облыстық форум өтті. Форумның әдістемелік көрмесінде қаладағы бірнеше мектеп оқушыларының Күн энергиясының тиімділігін арттыруға байланысты ғылыми жұмыстары қойылды. Атап айтар болсақ, «Энергетикалық кешен», «Робот көлік», «Жел электр станциясының моделі», «Шатыр арқылы жылу алатын үй», «Кедергілерді сезетін робот машина», «Қашықтықтан…
Шымкент қаласының әкімдігі мен Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми-инновациялық департаменті бірігіп, Көркемсурет галереясының қабырғасында көрме өткізді. ҚазҰУ-дан келген ғалым-зерттеушілер Шымкент жұртшылығына ғылыми айналымда бар, алайда өндіріске енгізілмеген жобаларын таныстырды. Оңтүстікте өндіріс ошақтары көптігінің есебінен ғалымдар аталған жобаларды біздің өңірге таныстыруға мүдделі. Әл-Фараби атындағы…
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептебінің оқушылары ойлап шығарған ғылыми жобалар кім-кімді де бей-жай қалдырмайды. «Креативті самғау» шығармашылық идеялар фестивалінде қандай жұмыстар таныстырылмады десеңізші?! Байқаудың ашылуында мектеп оқушылары әр түрлі үлгідегі зымырандарды ұшырды. Оны балалар қолдан жасап, ұшыру әдісін жетік меңгерген. Арасында бөтелкеден жасалған…
Жарқын болашаққа қадам басқалы отырған түлектердің өмірден өзіне тиесілі орнын адаспай тауып, тәуелсіз еліміздің экономикасы мен мәдениетін көтеруге үлес қосатын білікті маман болуы - мемлекет үшін стратегиялық маңызды мәселе. 2004 жылы бастау алған Ұлттық Бірыңғай Тест 12 жыл бойында ата-аналар мен оқушылардың емтиханды қалай тапсырамыз…
Әдетте шетелден жұмыс іздеп келгендерді мигрант дейміз ғой. Бүгінде өз елімізде жастар миграциясына түрткі болу үшін «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы бойынша «Серпін-2050» бағдарламасы қабылданғанын білеміз. Елбасы өзінің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының негізінде: «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар…
Білім ордаларына, қоғамдық орындарға, көпқабатты тұрғынүйлерге бақылауды күшейту керек. Шаһар басшысы Ғ. Әбдірахымов қала мәжілісінде осылай деген еді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Тәжиева аталған бөлімге қарасты 119 мектепке 1091 бейнебақылау камерасы орнатылғанын айтады. Оның 565-і ғимараттың ішінде болса, 416 бейнебақылау құрылғысы ғимараттың сыртында. Қазіргі таңда…