Шымкент құрылыс бөлімінің басшысы Тәжібай Егетаевтың айтуынша, 2016 жылы 19 әлеуметтік нысанның құрылысына шамасы 8 млрд теңге қаржы бөлініп, оның ішінде 15 білім нысанының құрылысына 7,4 млрд теңге (14 мектеп, 1 балабақша), 3 спорт нысанының құрылысына 300 млн теңге және Бадам өзені бойын абаттандыру жұмыстарына…
Бүгінде мектепті бітірген соң ЖОО-на түсе алмай қалса, сары уайымға салынып, күйзелістің кемесіне мінетіндер баршылық. «Оқу қиын, жұмыс жоқ» деп Үкіметке иек артып қойып, өзі ешқандай қадам жасамайды. Немесе оқуға өзінің жүрек қалауынсыз, ата-анасының айтуымен түседі де, оны бітірген соң мамандық бойынша істегісі келмейді. Сөйтеді…
TED – «Таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алған Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жиын өткізді. Шарада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің TEDхShymkent жобасы жалпы орта мектептерге таныстырылды. Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов «TED» клубының мақсаты мен міндеттеріне қысқаша тоқталды. – Өзінің бастамасын…
Студенттер арасындағы инновациялық идеялардың байқауы жарияланды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдіраxымов М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерімен кездесу барысында айтты. Байқау дарынды да талантты жастардың қабілетін арттырып, студенттерді ғылыммен шұғылдануға, сонымен қатар, өздерінің жобалары мен жаңа идеяларын іске асыруына мүмкіндік береді. Әрбір студент бұл…
Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен қаламыздағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың арасында «Шымкент жастарының инновациялық жобалары» көрмесі өтті. Көрмеге 20 жас өз жобаларын ұсынды. Олар мұнда «Ақылды үй», «Биойогурт», «Био үй», «Ақылды орындық», «Робот-суқұйғыш»,…
Бұрындары ақсақалдар «Молда бол» деп бата беретін. Ондағы ойы – «Мұғалім бол, оқы, таны, жетіл» дегені болса керек. Кеңестік кезеңде мұғалім мамандығының мәртебесі жоғары еді. «Кімсің – мұғаліммін» дейтін қағида берік орнаған заман артта қалды. Ащы ақиқат осындай. Ұстаздық – қыздардың ғана мамандығындай көрінеді қазірде.…
Бүгінгі таңда отандық БАҚ беттерінде мектеп оқушыларының хиджаб киюіне қатысты мәселе қоғамдағы жиі қозғалатын тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе, хиджаб киген оқушылардың сабаққа қатысудан бас тарту оқиғаларының орын алуы мәселені одан сайын ушықтыра түсуде. Аталмыш мәселеге қатысты дінтанушылар, мектеп ұстаздары мен ата-аналар, құзырлы органдардың мамандары әр…
Шымкент аграрлық колледжі – Оңтүстік өңіріндегі ауыл шаруашылығы саласына орта арнаулы кәсіптік мамандар даярлайтын базалық оқу орны. Мұнда ізденуші талапкерлер жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу жүйесінде тиімді пайдалана отырып, сапалы білім алады. Білім беру саласында қол жеткізген толайым жетістіктері бүгінде лайықты бағаға ие болуда. Қазақстан Республикасының…
«Шымкент келбетiмен» бiрге ағылшын тiлiн үйренейiк! (8-сабақ)
Пятница, 11 Ноябрь 2016 08:35 Автор Редакция
«Шымкент келбетімен» бірге ағылшын тілін үйрену сабақтарын жалғастырамыз. Бұл жолы Шымкентте жаңа бой көтеретін нысандардың мән-маңызын баяндайтын боламыз. Айдарды Меруерт Бимұрзаева жүргізеді. Сонымен, шетелдік саяхатшы сізге жолығып, облыс орталығын қысқаша таныстырып өтуіңізді сұрады делік. Ендеше, дайын болыңыз! «Shymkent mall» It will be the biggest shopping…
Мектепте – емтихан, жоғары оқу орнына – тест
Пятница, 11 Ноябрь 2016 07:07 Автор Асхан ҚОЖАКЕЛДІҚЫЗЫ
Еліміздің білім саласына елеулі өзгеріс еніп отыр. Биылғы мектеп бітірушілер енді өз білімдерін ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша дәлелдейді. Қазақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлді. Енді, мектепті бітіру емтиxаны оқушының орта білімді тәмамдағанын дәлелдесе, ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен мектеп…