ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады
Четверг, 04 Июль 2024 10:22Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, «Достық жолы» хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған.
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды
Четверг, 04 Июль 2024 07:09Бүгін Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.
Кездесу нәтижесінде 2024 жылдың күз мезгілінде Шымкент қаласында екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарланды
Среда, 03 Июль 2024 10:34Сондай-ақ, Қытай-Еуропа жүк пойызының, Сиань әуежайы мен шымкенттік «SCAT» әуе компаниясы мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып логистикалық хабтарды салу, әуе бағыттарын біріктіру, алмасуды және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету арқылы құрлықтық, әуе және цифрлық Жібек жолын құру мәселелері талқыланды.
Форум және екіжақты кездесулер нәтижесінде жалпы құны 17,6 млн АҚШ долларына келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылды.
Среда, 03 Июль 2024 10:33Атап айтқанда:
1. «Invest Shymkent» ЖШС және «China-Kazakhstan Enterprises Alliance Committee group» арасында өзара түсіністік туралы меморандум;
«Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы»
Среда, 03 Июль 2024 10:31«Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы» аясында қытайлық жергілікті 30-дан астам және қазақстандық 20-дан астам кәсіпкерлер арасында денсаулық сақтау, IT, металлургия, қоғамдық тамақтану, білім, ауыл шаруашылығы, электр жабдықтарының және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салаларда В2В кездесулер өткізілген.
«2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы»
Среда, 03 Июль 2024 10:26Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы «2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы» баспасөз конференциясын берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «БІЗДІҢ ЕЛДЕРІМІЗ ҰЛЫ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ БАСТАУЫНДА ТҰР»
Среда, 03 Июль 2024 05:47Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне
берген сұхбаты
– Мемлекеттер басшыларының дипломатиясы қытай-қазақ қарым-қатынасының сенімді даму бағытын айқындайды. 2022 жылғы қыркүйек айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Covid-19 пандемиясынан кейінгі алғашқы шетелдік сапарында ең алдымен Қазақстанға ат басын тіреді.
Кейінгі жылдары Қытайға бірнеше рет сапар шегіп, маңызды іс-шараларға қатыстыңыз. Сіз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен қытай тілінде талай рет емін-еркін сөйлестіңіз. Екі арада қандай тақырыптар жиі қозғалғанын айта аласыз ба?
Си Цзиньпинмен байланыс аясында қандай сәттер ерекше есіңізде қалды?
Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың даму перспективаларын қалай бағалайсыз?
ОРТА АЗИЯ БОЙЫНША ЕҢ ҮЛКЕН СТАДИОН ШЫМКЕНТТЕ!
Среда, 03 Июль 2024 05:45Шымкентте халықаралық талапқа сай жаңа стадионның құрылысы басталды. Бұл нысан Орта Азия елдеріндегі ең үлкен, заманауи стадион болмақ. Архитектуралық ерекше дизайнмен салынатын арена мегаполистегі сәулетті орындардың біріне айналады. 35 мың көрерменге лайықталған кешенде әлемдік доп додаларын өткізуге барлық жағдай жасалынбақ. Ауқымды жобаның құрылысы кестеде бекітілген уақыттан ауытқымай жүргізілсе, екі жылда аяқталады.