ШЫМКЕНТ - ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІ B2B ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
Среда, 26 Июнь 2024 06:27Шымкент қаласының ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалар кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Сиань - әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы, сондай-ақ Шымкент қаласының бауырлас қаласы. Сапар барысында Шымкенттің 20-ға жуық компаниясы мен Қытайдың 30-дан астам кәсіпорын өкілдері арасында B2B-кездесулер өтті.
МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ОРЫНДАРЫ ҚАЛА СЫРТЫНА КӨШІРІЛІП ЖАТЫР
Среда, 26 Июнь 2024 06:26Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасына сәйкес орталықта орналасқан көктас шеберханалары және металл сынықтарын қабылдау орындары қала сыртына көшіріліп жатыр.
ЖАБЫҚ ТАҚЫРЫП ТУРАЛЫ АШЫҚ ӘҢГІМЕ БОЛАДЫ
Среда, 26 Июнь 2024 06:25Елімізде 24-30 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сансызбайқызы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы апталықтың Шымкентте қалай өтетінін айтты.
ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІМЕН БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК
Среда, 26 Июнь 2024 06:24Жасөспірімдерді ересек өмірге дайындауға бағытталған арнайы бағдарлама қажет. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Өйткені елімізде кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік көбейген.
ТАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ – ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨЗІНЕН БАСТАЛАДЫ
Среда, 26 Июнь 2024 06:22Шымкентте табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. Қалада алты жерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
ӘДІЛ ШЕШІМ – СОТҚА АБЫРОЙ
Среда, 26 Июнь 2024 06:202200 жылдық терең тарихы бар көне қала әрі жаңарған, жасарған шырайлы Шымқаланың тарихын қалалық соттың тарихынан бөліп қарауға әсте болмайды. Оңтүстік өңірде орналасқан Шымкенттің тарихы тереңнен сыр шертеді десек те, Шымкенттің дербес қала болғанына 6 жыл толғанын жақында атап өттік. Қаланың солтүстік жағында Қаратау көлбей созылып жатса, Оңтүстік шығысында Талас Алатауы алыстан менмұндалап, күллі халқымыз кие тұтқан Қазығұрты, талай-талай алқалы кеңестер өтіп, ел тағдырын шешкен Мәртөбесі мен Ордабасы, сансыз баптардың ордасы болған Сайрамы Шымкентті төрткүл дүниеге танымал еткен. Қайырымды қала Шымкентке би жайлаған Алатаудың асқақтығы мен хан жайлаған Қаратаудың құт берекесі дарыған.
МЕКТЕП АШУ БИЗНЕСКЕ АЙНАЛМАСА ЕКЕН
Среда, 26 Июнь 2024 06:18Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2021 жылы халыққа арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында елімізде 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жететінін мәлімдеп, сол кезеңге дейін кемінде 1000 мектеп салу туралы тапсырма берген. Президент межелеген 2025 жылға да көп қалған жоқ. Жарты жыл уақыт бар. Осы төрт жылға жуық мерзімде мектептердегі орын тапшылығы мәселесі қаншалықты шешілді?
ӨЗ ТІЛІҢ – БІРЛІК ҮШІН, ӨЗГЕ ТІЛ – ТІРЛІК ҮШІН
Среда, 26 Июнь 2024 06:17Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы «Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» семинар-тренингін өткізді. Іс-шараға жоғары оқу орындары, мектептер мен оқу орталықтарынан 40-қа жуық тіл маманы мен лингвист-ғалымдар қатысты.