БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ
Пятница, 12 Июль 2024 06:49«Amanat» партиясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акцияны әр бейсенбі сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолы саяси ұйым мүшелері Тұран ауданы әкімі апаратының қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасады. «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жәй ғана есеп үшін жұмыс емес. Мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ
Пятница, 12 Июль 2024 06:47Шымкенттің ерікті жастары қайырымды істерге белсенді үлес қосуда
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді халқымыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ал, қайырымдылық – адам бойындағы ерекше бір қасиет. Ол ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетінің, сүйіспеншілігі мен қамқорлығының айқын белгісі. Қайырымдылық жасау – әр адамның қолынан келетін іс. Сондықтан әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал.
Жұмыспен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты
Пятница, 12 Июль 2024 06:46Бүгінде жұмыссыздықпен күрес мәселесі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналып отыр. Өйткені, жұмыссыздық деңгейі отандық экономиканың тұрақтылығын, халқымыздың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын айқындап беретін негізгі көрсеткіштердің бірі десек, қателеспейтініміз анық. Сол себепті бүгінде мемлекет жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтудың түрлі тетіктерін қарастырып, өз кәсібін бастағысы келетіндерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
ҰЛЫТАУ – ҰЛТ ҰЯСЫ
Пятница, 12 Июль 2024 06:42Әлемде көлемі жағынан 9-орын алатын қазақ жерінің тарихы мен шежіресі аса бай. Ұлы саяхатшы-ғалым, этнограф Шоқан Уәлиханов бір жазбасында «Қазақтың шежіресінде айтулы қайбір оқиғалары мен атақты тұлғалары еш атаусыз қалмаған» деген.
Ауызша тарихымыз атадан балаға ауысып, жадында жаңғырып отырған. Төл тарихымызды өз ғалымдарымыздан басқа жат жұрттық саяхатшы тамсана жазғаны белгілі кезбелер де аузының суы құрды. Әзелде ата-бабаларымыз «Атың барда – жер таны желіп жүріп, Асың барда – ел таны беріп жүріп» деп, алысты болжап, өз дүниетанымын кеңейткен.
Ұлан байтақ жерімізді қорғаған батыр, би, ақын-жыршылар ел тарихын тасқа жазып қалдырған. Ат тұяғымен шекарамызды кеңейтіп, ұрпаққа жайлы қоныс іздеген. Асан қайғы, Қорқыт баба қобызымен сайын даланы сазға бөлеп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын бейбіт өмір аңсаған.
Осындай бабалар ізімен елтану мақсатымен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлері «Сан тарап» этнографиялық-экспедициясымен еліміздің төрт тарабын зерттеуді мақсат тұтты.
КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ БЕЗГЕГІ: кене шағуынан сақ болыңыз
Пятница, 12 Июль 2024 06:39Конго-Қырым қанды безгегі – маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі ақпаннан қарашаға дейінгі кезеңде тіркеледі. 80% жағдайда диагноз 20 жастан 60 жасқа дейінгі адамдарда расталады. Табиғатта бұл аурудың негізгі тасымалдаушылары мен көздері –әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер. Сондықтан далада, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар осы ауруға жиі ұшырайды.
МӘМС:МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?
Пятница, 12 Июль 2024 06:38Қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты сұрақ өте көп. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың тәуелсіз төлеушілері қандай мәселелерге жиі кездеседі және «сақтандырылмаған» мәртебеде не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап береміз.
МӘМС:МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?
Пятница, 12 Июль 2024 06:38Қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты сұрақ өте көп. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың тәуелсіз төлеушілері қандай мәселелерге жиі кездеседі және «сақтандырылмаған» мәртебеде не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап береміз.
КҮН ТИЮ МЕН ЫСТЫҚ ӨТУДЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК?
Пятница, 12 Июль 2024 06:36Жылдың ең ыстық уақытында адамдар көп уақытын сыртта өткізуіне байланысты жиі күн тигізіп, ыстық өтуіне ұшырайды.
Ыстық өту адам ағзасына артық ыстық ауаның және инфрақызыл сәуленің түсуінен туындайды. Ал, күн тию – бұл күн сәулесінің қызуы нәтижесінде адамның миына жоғары температура әсер ететін жылу соққысының жеке жағдайы. Яғни, ыстық өту және күн тию екі түрлі нәрсе. Ыстық өту – ыстық пен күннің бүкіл ағзаға әсері, ал күн өту – тек басқа әсер ету.
Күн және ыстық өтудің белгілері:
– самайда пульсация сезіледі;
– терінің, әсіресе, беттің қызаруы;
– жүрек соғысының жиілігі минутына жүз немесе одан да көпке дейін көтеріледі.
Сондай-ақ, болуы мүмкін жағдайлар:
– дене қызуының 40°С дейін көтерілуі;
– әлсіздік, ұйқышылдық;
– бастың айналуы, құлақта түрлі шулар;
– жүрек айнуы, құсу.
Күн және ыстық өткен кездегі алғашқы көмек:
1. Зардап шегушіге қолайлы жағдайлар жасау: көлеңкелі салқын жерге апару, белдігін босату, жағасындағы түймесін ағыту, галстугін, аяқ киімін шешу, ауа айналымын қамтамасыз ету: желдеткішті, кондиционерді қосу, қолда бар нәрсемен желпу.
2. Ағзаны тез салқындату: зардап шегушіні салқын ваннаға жатқызу немесе салқын сумен дымқылданған сүлгімен орау. Жылынып кеткен сүлгіні ауыстырып отыру. Басына, алақанына, шаптың арасына, қолтық арасына мұз салынған пакетті, автокөліктегі медициналық қорапшадағы термопакетті, болмаса мұздатқыштағы мұздатылған кез келген затты қою керек. Адам ағзасын кем дегенде 38,5°С-қа дейін салқындату керек, әрі қарай ағза өзі күреседі.
3) Жоғалған сұйықтық мөлшерін қалпына келтіру: қарапайым немесе минералды су ішу, лимон қосылған тәтті шай да болады. Қажет болған жағдайда жүрекке тікелей емес массаж және жасанды тыныс алу сияқты жедел реанимациялық шараларды жүргізу үшін дайын болу керек. Қолда нашатыр спирті болғаны жөн. Барлық жағдайларда, егер жағдай қауіп төндірмейтін болса да, зардап шегушіні аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізу немесе 103 қызметіне жүгіну қажет.
Ыстық және күн өтуі болмау үшін ұсынылады:
Ыстық жағдайда жұмыс істейтіндердің барлығының ауыз суға қолжетімділігі болып, сұйықтықты көп ішу тиіс. Ыстықта қарқынды буланудан организм көп мөлшерде сұйықтық жоғалтып, соның нәтижесінде қан қоюланады, бұл жағдай тек жылу реттеудің бұзылысына ғана емес, сонымен қатар инсульт пен инфарктке де душар етуі мүмкін. Ағзадағы тиісті тұз балансын қамтамасыз ету үшін минералды су немесе арнайы су-тұз ерітіндісін ішу қажет.
Күн астында жұмыс істеу кезінде міндетті түрде бас киім киіп жүру керек. Ыстықта және күн астында жұмыс істеген кезде жүйелі түрде кішкене үзіліс жасап отырған дұрыс, бұл үшін арнайы панажайды салқындатқыш құралмен (кондиционермен), басқа да еріксіз желдету жүйесімен жабдықтау қажет.
Б.ДҮЙСЕНБАЕВ,
ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Шымкент қаласы бойынша «Қызыл әскер» трассалық-медициналық құтқару тірегінің
фельдшері