ЖАРЫСҚА ҚАТЫСЫП, ВЕЛОСИПЕД МІНІП ҚАЙТТЫ
Среда, 26 Июнь 2024 04:44Абай ауданында Қала күніне орай жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Әкім аппаратының ұйымдастырумен болған сайысқа 100-ге жуық бала қатысып, бақ сынады.
БИЫЛ 229 АВТОБУС ӘКЕЛІНЕДІ
Среда, 26 Июнь 2024 04:43Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік қызметін дамыту, аялдамалар орнату, қоғамдық көліктегі мәдениетті көтеру бағытындағы атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
ҚАЛАДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Среда, 26 Июнь 2024 04:43Шымкент – құрылысы қарқынды дамыған қала. Қала көркейіп, өсіп келеді. Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаевтың мәлімдеуінше, 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көп қабатты тұрғын үйдің, Тұран шағынауданынан 2 үй, Бозарықтан 42 үй, Ақжайық шағынауданынан 33 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Баспасөз жиынында басқарма басшысы салада атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер, алдағы жоспарлар туралы айтты.
ХУДЖАНДТА ШЫМКЕНТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Среда, 26 Июнь 2024 04:4217-19 маусым аралығында Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында өткен «Сугд-2024» халықаралық сауда жәрмеңкесіне қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысты. Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі У.Әмірханұлы, қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш. Фирдавспен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Шәкір СҰЛТАНХАН, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: «ЖАСТАР ӨЗ ЕЛІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК»
Среда, 26 Июнь 2024 04:40Елімізде 1 наурыздан бастап өңірлік жастар кадрлық резервіне іріктеу жүргізілуде. Жобаның басты мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру және өңірді дамытуға дарынды жастарды тарту. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерге жүктелер жауапкершілік жоғары. Бүгінгі таңда салада қандай жаңалықтар мен өзгерістер бар?
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанханмен атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде аз-кем әңгімелескен едік.
«ПОЛИЦИЯ – ЖАЗАЛАУШЫ ЕМЕС, ЖӘРДЕМШІ ОРГАН»
Среда, 26 Июнь 2024 04:39Бұрынғының балалары өскенде милиция болуды армандайтын. Қазіргі балалардың блогер болғысы келеді. Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Думан ӘШКЕНҰЛЫ – сол милиция болуды армандаған ұрпақтың өкілі. Полиция департаментінің бастығымен сұхбатымыз шымкенттік тәртіп сақшыларының ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы қызметі төңірегінде өрбіді.
Бір әулеттен – 30 офицер!
Среда, 26 Июнь 2024 04:3823 маусым – Қазақстан полициясы күні. Бұл – бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін сауысқандай сақ, қырандай қырағылық танытып жүрген полиция қызметкерлеріне, осы салада қызмет еткен ардагерлерге, қызмет барысында өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні.
«Ойың – озық, сөзің – тәтті, Қандай ана сені тапты?..»
Среда, 26 Июнь 2024 04:36«…Ажалым да ғажабым –
Өлең, сені аңсадым.
Тартасың-ау, азабын,
Кімді сүйсең, дәл соның!
Өлең таққа мінбеді.
Өлең Орден тақпады!
Өмірде осы күрделі,
Сүйді мені! Сақтады!» – деп өлеңнің ғажабын да, азабын да тартып, оны аңсап, оны сүйіп, өзін де өлеңмен сүйікті еткен белгілі ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, III дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы әдебиетке адал қалпынан айныған емес.