Желідегі өмір

Вторник, 07 Февраль 2023 06:18 Автор
Күнделікті тіршілігімізді виртуальді өмірмен қабыстырып тастағанымыз соншалық, етене жақын қарым-қатынасқа толы шынайы өмірімізден алшақтап кеткендейміз. Тіптен, ағайын-туған, дос-жаранды айтпағанда, отбасы мүшелерінің өзі ортақ чат арқылы байланысатын күйге түстік. Әлемжелі болмай тұрғанда емен-жарқын дидарғайыптасып, «Көз көрсе, жүз ұялады» дейтін адамзаттың ғұмыры алақандай телефонның ішіне кісенделді.
Шымкент қалалық өзбек драма театрының репертуары жаңа қойылыммен толықты. Мұхтар Құдайқұловтың «Келін базары 7+1» комедиясы Жавлон Сайитовтың режиссерлігімен сахналанды.

«Шыңғыс ханның көз жасы»

Среда, 23 Ноябрь 2022 04:08 Автор
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының репертуары Рахымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы» тарихи драмасымен толықты. Тарихтың тереңінен сыр шерткен қойылымды режиссер А.Қалыбеков сахналады.
Шымкентте қазақтың кәсіби театрының негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, режиссер, драматург Жұмат Шаниннің 130 жылдық мерейтойы өтті. Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының бастамасымен шымкенттік зиялы қауым өкілдері Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада ұлы тұлғаның ұрпақтарымен жүздесті.

«БІЗ ЖҰЛДЫЗ БОЛЫП ЖАНАМЫЗ»

Четверг, 03 Ноябрь 2022 03:56 Автор
Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Халқыма тағзым» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында мүмкіндігі шектеулі талантты жастардың арасында шығармашылық кеш өтті. Кеш аясында келушілер жас қолөнер шеберлерінің көрмесін де тамашалады.   Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз…
Шымкент қаласының татар-башқұрт этномәдени бірлестігі «Чак-чак байрамы» мерекесін атап өтті. Татар ұлтының ең тәтті мерекесі аталып кеткен жиынға татар-башқұрт, өзбек, корей және өзге этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Татар шығармашылық ұжымының орындауында халық әндері шырқалып, чак-чак мерекесінің басты тағамынан көрме жасақталып, әдет-ғұрыптары көрсетілді. Мерекелік басқосуда қалалық…
Егеменді еліміздің салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи күндер тізбегімен» атты фестивалінің қорытынды кезеңі өтті. 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған фестивальде Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының жастары өнер көрсетіп, дарындылығымен көзге түскен қатысушылар жүлделі орындардан көрінді.
Көрме орталығында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында «Кездесуге қадам» күзгі шығармашылық фестивалі өтті. Дарынды жандардың ерекше өнерін паш еткен фестивальге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шымкент қаласының «Шымкент» командасы әйелдер арасындағы футболдан осымен 11-ші рет Қазақстан чемпионы атанды. 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда ел чемпиондарын марапаттау рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Ә.Барменкұлов қатысып, спортшыларды жеңістерімен…

«КЕЗДЕСУГЕ ҚАДАМ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Воскресенье, 16 Октябрь 2022 10:10 Автор
Бүгін ерекше жандар үшін ерекше фестиваль ұйымдастырылды. Көрме орталығында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Кездесуге қадам» күзгі шығармашылық фестиваліне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. — Ерекше жандардың қолынан шыққан туындыларды көріп, ерекше әсер алдым.«Балалар жылында»…