ЖАС ВОКАЛИСТЕР ДОДАҒА ТҮСТІ

Среда, 03 Ноябрь 2021 04:34 Автор
Шымкентте тұңғыш рет жас вокалистердің ашық байқауы өтті. Байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Вокал академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы Жастар қанатының Шымкент қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық саз колледжінде өтті.
«Қыз Жiбек» қазақтың тұңғыш операсы екенiн жұртшылық жақсы бiледі. Ғасырға жуық уақыт өтсе де халық «Қыз Жiбегiнен» жалыққан емес. Кезiнде мәскеулiктердiң өзi қазақтың «Қыз Жiбегiне» бас иген. Шымкент қалалық опера және балет театры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қайта жаңғыртып, көрермен назарына…

Шаниндіктер шыққан белес

Среда, 27 Октябрь 2021 03:52 Автор
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен өмірін театр өнеріне арнаған айтулы сыншы Ә.Сығайдың мерейтойының сәйкес келуін табиғи үндестік деп бағаласа болады. Себебі, Ә.Сығай – құрсауы мықты кеңес дәуірінің пәрменінен қаймықпай, сахна шындығы жолында шарқ ұра жанталасып, өнердің шамшырағы болған қайраткерлеріміздің бірегейі.

Парасат биігіндегі жан

Пятница, 22 Октябрь 2021 04:08 Автор
Жуырда Оңтүстік өңірінің жұртына комсомол, партия ұйымдарында ұзақ жылдар абыройлы қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері Дүйсенкүл Боповаға арналған естелік-жинақ жарық көрді.

Театр жаршылары

Пятница, 22 Октябрь 2021 04:05 Автор
Театр ұжымдарында сіз бен бізге беймәлім жұмыс күші жетерлік. Біз бүгін театрсүйер қауымды ақпараттандырып, оларды әр қойылымға үлкен дайындықпен шақырып жүрген Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының Ақпарат және жарнама бөлімінің жұмысымен таныстырмақпыз.
Бүгінде әдебиеттен алыстап бара жатқан қауымды қызықтырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру өте өзекті болып отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы кітапхананың бастамасымен «Кітап оқитын Шымқала» буккроссинг іс-шарасы өтті.
«Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,Подвалдағы архивтен табылармыз...» деп кеңестік тоталитарлық жүйенің бұғауын бұза алмай, арман-шері ішінде кеткен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл толды. Тәуелсіздіктің, азаттықтың арқасында ақынның тұлғасы мен мол әдеби мұрасы «шаң басқан архивтерден» шығып, төрден орын алғаны баршаға мәлім.…

Бүлдіршіндер ертегілер елінде

Пятница, 15 Октябрь 2021 06:26 Автор
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мегаполис театрлары бүлдіршіндерді қуантуға кірісіп кетті. 13 қазан күні «Ертегілер еліне қонақта» іс-шарасының аясында Шымкент қалалық орыс драма театры, әзіл – сықақ және сатира театры, қуыршақ және жасөспірімдер театрының өнерпаздары балабақшаларға барды. Шымкент қалалық әзіл – сықақ және сатира театры…

Таланттарды танытуға мол мүмкіндік

Пятница, 15 Октябрь 2021 06:23 Автор
Шымкентте қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік құрдастары» атты жас суретшілер көрмесі ашылды. Кескіндеме өнеріндегі келісті туындылар топтастырылған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Кештің ашылуында сөз алған кітапхана директоры Нұрила Жұманова аталған көрме жас суретшілердің туындыларын танытуға септігін тигізетінін жеткізді. Ал Қастеев…

Кейіпкер киімін көремін десеңіз...

Пятница, 15 Октябрь 2021 06:11 Автор
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мегаполистегі театрларда «Қойылымдық костюмдер көрмесі» өтті. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада театр ұжымдары ең таңдаулы қойылымдардың сахналық киім үлгілерін ұсынды. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Мысыр елін билеген, Қыпшақ даласының ұлы қаһарманы Сұлтан…