27 қыркүйек – бүкіләлемдік туризм күніне орай, Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен үш күндік пресс-тур өтті. Ақпараттық турға 50-ге жуық шетелдік және отандық travel-блогерлер, БАҚ өкілдері қатысып, қонақтар қаланың тарихи және тартымды орындарын тамашалады. Алдымен…
1916 жылғы Торғай көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған мерейтой еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде.
Театр – ес білген бала мен еңкейген қартқа дейін құрдасындай, сырласындай дос бола білетін тірі ағза. Ғимаратына қарап «Жансыз ғимарат қалай сырлас болады?..» деп ойлауға да болар. Бірақ өзімен бірге күлдіретін, күрсіндіретін, атойлап шыққан ащы жасты күшпен тежететін, кейде, үнсіз сорғалата жан күйінішін төгіп алатын…

Театр сахналарында – жаңа маусым

Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:27 Автор
Шымкенттегі театр сахналарында жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Қалада мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 6 театр жұмыс істейді. Жаңа маусымның жаңалықтарымен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы Бауыржан Орынбасарұлы баспасөз брифингінде бөлісті.

Жүрекке жеткен қойылым

Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:26 Автор
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 41 маусымның шымылдығын «Кейкінің кегі» қойылымымен ашты. Премьераға қойылымның авторы Абылай Мауданов Қостанайдан арнайы қонақ ретінде шақырылды. Қойылым 1916 жылы Торғай өңірінде ұлт-азаттық көтерілісінің алғашқы күндерінен белсене араласқан, көтерілісшілердің негізгі күші – мергендер жасағын басқарған Кейкі Кәкімбайұлы жайында.

Бір өзі бір театр еді...

Пятница, 01 Сентябрь 2023 08:32 Автор
Өнер өміршең болғанда, сол өнерді ту еткен таланттың есімі ешқашан өшпек емес. Есімін елі мәңгі сақтайтын перзентінің бірі де бірегейі – кешегі Арқа төсінде әнімен, сал-серілігімен халқын тәнті еткен Ақан, Біржандардың жалғасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Отызбай Жұмабеков. Әншілік пен актерлікті қатар алып жүрген өнер…
15 тамыз – Қазақстанның Халық әртісі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов дүниеге келген күн. Ұлтымыздың біртуар композиторының туған күніне орай Шымкентте «SHAMSHI» атты әншілер байқауы өтті. Үш күнге жалғасқан ән сайысы қаладағы тұлғаның атына берілген аллеяда қорытындыланып, жеңімпаздары марапатталды.

Кітап оқитын ел – зиялы ұлт

Пятница, 28 Июль 2023 04:26 Автор
«Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті» деген ұлылардан қалған сөз бар. Жақында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, идеология мәселесіне көп көңіл бөлу керектігін баса айтты. Сондай-ақ, балаларды…
Көрмеге ХІХ ғасырдан бүгінге дейінгі шаһар халқының тұрмыста пайдаланған самаурындары қойылған. Тарихи кезеңіне сәйкес самаурындар жез, мыс және түрлі материалдан дайындалған. Оттығын түтін мүжіген бұл самаурындар берекенің, бірліктің көзіндей боп бізге жеткен.
Қазақтың бас көтерер азаматтарын «халық жауы» деп айыптаған заманды «Атжалман ғасыр» демегенде не дейсің?! 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндікте сахна шымылдығының 12 минутқа кешігіп ашылуы тұңғыш қазақ театр өнерін қалыптастырған Жұмат Шанинге «Сталинге қастандық жасамақ болған» деген айыптың тағылуына әкелді. Осы 12 минут Алаш арысын…