Жоспарға сай жүзеге асады
Облыс әкімі бүгінде облыстағы кадрлық ахуалды сараптап, өңірлік кадр саясатының 4 бағыттан тұратын жаңа стратегиясы дайындалып жатқанын жеткізді.
– Қазіргі уақытта жаңа кадр саясаты кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың ең қажетті алғышарты болып отыр. Мәселен, республикамызда алғаш рет облыстың атқарушы органдары үшін Бірыңғай персоналды басқару қызметі құрылды. Сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды. Бұл осы бағыттағы жұмысымыздың бастамасы ғана. Айта кету керек, өңірімізде мемлекеттік қызметке орналасу меритократия мен жариялылық қағидаттарына сәйкес болуы тұрақты бақылауда. Бос лауазымдар үшін өткізілетін конкурстардың ашық өткізілуі қалыпты жағдайға айналады, – деді Б. Атамқұлов.
Өңір басшысы екінші бағыт – заңның үстемдігін қамтамасыз ету, үшінші бағыт – индустрияландыру және экономикалық өсім, төртінші бағыт – біртектілік пен бірлік және бесінші бағыт – есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бойынша да нақты жұмыстарға тоқталып өтті.