КЕНЕ КЕСЕЛІНЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Пятница, 10 Май 2024 05:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 228 раз

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу үшін табиғи ошақта орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайлардың аумағын кенеге қарсы залалсыздандырған абзал.

 

Алайда, қауіпсіздік шаралары тек залалсыздандыру ісімен бітпейді. Әрбір азамат денсаулығы үшін жауапкершілік алып, қауіпсіздік қағидаларын ұстанғаны дұрыс.
Сондай-ақ, тұрғындар малды күтіп қарағанда және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан қорғану үшін арнайы киім киюі қажет. Бас киім, комбинезон, қолға резеңке қолғап киіп, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу қажет.
Табиғат аясына демалысқа шыққанда кененің жабысқанын тез байқау үшін ашық түсті, резеңкелі, манжетті, жеңі ұзын көйлек киген жөн. Ал, денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын,дененің артқы жағы т.б.) жаныңыздағы серігіңіздің көмегіне жүгініп, тексеру қажет.
Кене шаққанда немесе денеге жабысқанда аса қауіпті инфекция жұқтыру мүмкін. Өзіңізді және отбасыңызды қорғау үшін міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтап, сақтану құралдарын пайдаланыңыз.
Ескеретін жәйт, кене шаққан немесе жабысқан жағдайда міндетті түрде медициналық ұйымның көмегіне жүгініп, 14 күн дәрігерлердің бақылауында болуыңыз қажет.

Арайлым ТӨРЕХАН,
Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы
№ 5 бөлімшесінің фельдшері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.