АЛПЫС ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АЛТЫН ҰЯ Избранное

Пятница, 10 Май 2024 05:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 286 раз

Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ә.Молдағұлова атындағы №29 мектептің құрылғанына – 60 жыл, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 99 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

okushi

 

Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ә.Молдағұлова атындағы №29 мектептің құрылғанына – 60 жыл, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 99 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға қалалық білім басқармасының басшысы Н.Шәмшиева, қалалық мәслихаттың төрағасы Б.Нарымбетов, мәслихат депутаттары арнайы қонақ ретінде қатысты.
Қонақтар алдымен мектеп ауласындағы Ә.Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, фойедегі көрмені аралап болған соң мектептің 60 жылдық тарихына арналған концертін тамашалады.
«Бүгін өте маңызды іс-шара өтіп жатыр. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында №29 Ә. Молдағұлова атындағы мектептің 60 жылдығы атап өтілуде. Әлия – қазақтың батыр қызы. Ғұмыры өте күрделі болған. Жастайынан жетім қалып, 17 жасында Отанды қорғау үшін соғысқа аттанды. Сондықтан да біздің батыр қыздарымыздың ерлігі мәңгілік санамыздан өшпей, жадымызда жаңғырып тұрмақ. Ал, енді осындай ұлы есімді иеленген мектепте 60 жылда мыңдаған шәкірт түлеп ұшты. Ұстаздарға өскелең ұрпақты тәрбиелуде өзінің үлестерін қосып жүргені үшін алғыс білдіремін! Шәкірттеріңіз үкілген үміттеріңізді ақтай берсін» деді Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов
Мерекелік кеште ұстаздар қауымы қалалық білім басқармасының, қалалық мәслихат төрағасының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, кеште мектеп тарихы, мектепті басқарған басшылар, ұстаздардың еңбек жолдары туралы сыр шертіліп, мектеп ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

Гүлназ АСАН

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.