Тіл – қоғамның айнасы

Пятница, 10 Май 2024 05:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 364 раз

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқау өткізді. Ол Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына және орталықтың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

 

Іс-шара оқытушылардың өздерін ұдайы жетілдіруге, ынталандыруға, инновациялық идеяларын қолдап, цифрлық технологиялар қолданылған іс-тәжірибелерді жинақтап-таратуға, оқытушылардың беделін көтеруге, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқытып жүрген, шығармашылыққа жақын оқытушыларды анықтап, оларды қолдау, марапаттау және мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіруге бағытталған. Байқауға қаладағы мектептерден, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан үміткерлер қатысты.
Бірнеше кезеңдерден тұратын байқауда мұғалімдер мен оқытушылар белсенділік танытты. Олар, әуелі, «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану» кезеңінде сабақ презентациясын таныстырды.
Презентацияда Canva, Miro, Guiz, Quizlet, Padlet, Kahoot, Flipped learning сынды түрлі бағдарламаларды қолдана отырып, қазақ тілін оқытуда заманауи технологияларды қолдану үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, тіл оқытудағы озық тәжірибелерді тиімді пайдалану әдістерін көрсетті.әдістемелігімен бөлісті және тиімділігін түсіндірді.
Келесі кезеңде педагогикалық-психологиялық жағдаяттар бойынша сұрақтарға жауап беріп, қиындықтардан шығу тәсілдерін ұсынды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, Алғыс хаттармен және ұйымдастырушылар ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, байқау жеңімпазы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті тарапынан ұйымдастырылған республикалық байқауға жолдама алды.

Э.ҚАСПАҚОВА,
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік
орталығының әдіскері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.