Шымкент қаласының Абай ауданында мүлік иелерінің бірлестігі (МБ) мен Жай серіктестікке (ЖС) өту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде аудан аумағындағы көп қабатты 453 үйдің 374-і кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында тіркелген.

734

Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі қағидаларды жүзеге асыру жөнінде қала активінің жиыны өтті.

724

Жаңа кітап – оқырман игілігіне

Пятница, 03 Сентябрь 2021 03:47

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Әл-Фараби атындағы қалалық әмбебап кітапханада
«Ихсан рухани тәрбие негізі» кітабының тұсауын кесіп, құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау, Қызылорда облыстарының шаруаларына жем-шөппен қол ұшын беріп, қайырымдылық ұйымдастырған бір топ еріктіге алғыс хаттар табыстады.

720

Ағасыз ел – жағасыз болады

Среда, 01 Сентябрь 2021 04:36

Шымкентте М.Әуезов атындағы ОҚУ-да қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті Xll есеп беру-сайлау конференциясы ұйымдастырылды.

713

Үшінші мегаполисте көкөніс-бақша дақылдарының көшеттерін жабық және ашық топырақта отырғызатын отандық Рпм-2kz үлгісіндегі машина құрастыру жобасы қолға алынбақ. Шаһардың агросаласында жаңа техникалар және бақша өнімдерін егуде жаңа технологияларды енгізудегі жаңалықтармен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандары бөліскен болатын.

708

Ата заңды білу – баршаға парыз

Вторник, 31 Август 2021 11:07

Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің басты ата заңы болып саналады. Еліміздің әрбір азаматының еркін өмір сүруі, өзінің ойын қоғамда ашық білдіруі Конституциямен бекітілген. Ата заң қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі құжат болса, басқа ережелер сол Конституциядан тарайтын тармақтарына жатады. Ешқандай да заң басқа да кодекстер Конституцияның негіздеріне қарсы келмеуі тиіс. Бұл өзгермейтін, талқылауға жатпайтын тақырып.

Білген артық болмас. Біздің Конституциямыз преамбуладан, 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Ата заң преамбуласы дегеніміз — мемлекеттің бағыт-бағдары. М. Әуезов атындағы ОҚУ «Parasat» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі басшысы міндетін атқарушы құқық магистрі Гүлбахыт Дулатованың айтуынша, Конституция елдің саяси, құқықтық жүйесінің тірегінің негізі. Ал преамбуласы басты мақсатын көрсетеді. Сондықтан жоғары оқу орнында конституциялық құқық пәні оқытылған кезде преамбуланы тереңірек үйретуге басымдық беріледі.

Конституция мызғымас құжат дегенімізбен оған кейде өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Ол не үшін керек екенін маман Г.Дулатова былайша түсіндіреді: «Қолданыстағы Конституцияның қабылданғанына 26 жыл өтті. Алайда біз әлі қарыштап дамып жатқан мемлекетпіз. Ақпараттар тасқындаған, жаһандық өзгерістер болып жатқан кезеңде құндылықтар өзгереді, қоғамдық қатынастарда кейбір мәселелер маңыздылығы жөнінен алға шығады. Сондықтан осыларды реттеу үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Біздің Конституция 5 рет өзгеріске ұшырап, реформаларды бастан өткерді. Ол 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары жүзеге асты. Мәселен, 1998 жылы Президенттің өкілеттілігі 7 жылға дейін, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жылға дейін, Сенат 6 жылға, Президенттікке үміткерлер жасы 40 жасқа ұзартылды. 2007 жылғы өзгертулерде Президент өкілеттілігі 5 жылға дейін қысқарды, Парламент депутаттарының саны 154-ке дейін артты, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымы конституциялық мәртебеге ие болды. 2011 жылы Мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлауға байланысты өзгертулер орын алды. 2017 жылы Ата заңның 5-бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес Парламент, Президент, Үкімет арасындағы билік өкілеттіліктері қайта бөлінді. Ал соңғы өзгеріс елорданың Астана атауынан Нұр-Сұлтанға ауысуына орай жасалды. Конституциялық кеңес бұл ұсынысты қарай келе елорда атауының өзгеруіне оң қорытынды берді. Конституция өзгермес заңдар жинағы десек те ол бір қатып қалған дүние емес. Қайта ол біздің мемлекеттің демократияға, жаңашылдыққа, өзгерістерге ұмтылысын көрсетеді».

   Сарапшының сөзінше елімізде заңдарға, нормативтерге халықаралық ережелерге қол қойылмай тұрып алдымен конституциялық нормаға сәйкестігі анықталады. Мәселен заңдар, халықаралық шарттар Президент қол қойғанға дейін конституциялық кеңесте арнайы сараптамадан өткізіледі. Ата заңның 45-бап 3-тармағында Президент қол қоятын Парламент, Үкімет актілері сол органдарда жіті зерделенеді. Егер заң, ережелер Конституцияға сай келмесе Ата заңның 74-бап, І- тармақшасына сәйкес қабылданбайды. Барлық деңгейдегі соттарға істі қарау барысында қандай да бір актілердің азаматтардың еркіндігіне қайшы келетін тұсын анықтаса, істі уақытша тоқтата тұруға және актіні конституциялық кеңеске тексертуге жіберуге уәкілеттілік берілген. Өз кезегінде конституциялық кеңес бір ай көлемінде заңның Конституцияға сәйкестігіне байланысты тиісті қорытындысын шығарады.

Маман Конституцияны әр азамат білген дұрыс деп санайды. Өйткені ол оның құқықтық сауаттылығының қаншалықты деңгейде екенін көрсетеді. Көп ретте бір даулы мәселе туындаған жағдайда ғана адамдар заңды іздей бастайды. Ал Конституция нормаларын біліп жүрсек, кез келген дауда өзімізді қорғап, одан оңай құтылып шығамыз. Сарапшының пікірінше, егер адамдар өз құқығын жақсы білсе, демек ешқандай дау да туындамайды.

Г.Дулатова біздің Ата заңның басқалардан айырмашылығы Қазақстан Конституциясы анық жазылған, жүйелілік бар екенін айтады. Сондай-ақ еліміздің Конституциясында қоғамдық қатынастарды реттеу нормалары жалпылама жазылған. Ал оларды терең түсіндіру үшін жеке арнайы кодекстер мен ережелер қабылданған. Кей елдерде мұның барлығы конституциясында тәптіштеліп көрсетіледі. Тіпті қаржы, несие саясатына байланысты баптар енгізіледі.

—Тәжірибе алу мақсатында Конституциялық кеңестің жұмысына талай қатысқанмын. Меніңше бір норма әлі де талқылауды қажет ететін сияқты. Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан республикаларының Конституцияларында мемлекеттік тіл өзбек пен қырғыз тілі, бірақ басқа тілдердің сақталуына, еркін дамуына, тең құқылығына кепілдік беріледі деп жазылған. Қазақстан Конституциясында да қазақ тілі мемлекеттік тіл деп көрсетілген. Алайда мекемелерде, ұйымдарда қазақ тілі мен бірге орыс тілі де тең қолданылады делінген. Бар мәселе тең қолданылады деген сөзде болып тұр. Менің жеке пікірім, осы тұста логикалық қарама-қайшылыққа жол берілген секілді. Өйткені «тең қолданылады» деген сөз орыс тілінің дәрежесін мемлекеттік тілмен теңестіріп тұр. Орысша мәтінде «на ровне с казахским языком» деп жазылған. Асылында «тең» емес, «бірге» қолданылады деліну керек шығар. Себебі «тең» сөзі түсінік бойынша да заңдық тұрғыда да мүлдем басқаша реңк береді. Мәселен, «мен пәленшемен бірге отырмын» деген сөз басқа мағына береді де, теңдей, бірдей болып отырмын» деген мүлдем басқа түсінікке жетелейді. Сондықтан Конституцияның осы нормасын менің ойымша әлі де қарау керек секілді. Әрине бұл менің жеке субъективті пікірім, - деді Г.Дулатова.

Елімізде Конституцияның орындалуын қамтамасыз ететін, үстемдігін орнататын арнайы орган бар. Ол Конституциялық кеңес деп аталады. Аталмыш орган елдегі референдум, Парламент сайлауы секілді саяси науқандардың өтуіне ықпал жасайды. Кеңестің өзі 7 мүшеден тұрады. Онда тек білікті заңгерлер отырады. Органның өз басқару аппараты болады. Сондай-ақ ол Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді. Жалпы Ата заң баптарын ғалымдар да ұғындыра алады. Бірақ ол ағартушылық мақсаты есебінде қабылданады. Ал Кеңестің түсіндірмесі ресми болып саналады. Соттың шешімдеріне қарсы аппеляция беріп, шағым келтіре алсақ, Конституциялық кеңес шешімдеріне мұндай талап жүрмейді. Яғни Кеңес нүкте қойған шешімдер қайта талқыланбайды.

agro-sala

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылында қол жеткізген жетістіктер аз емес. Қай саланы алып қарасақ та өсім барын көреміз. Солардың ішінде ауыл шаруашылығы саласын ерекше атап өту керек. Тоқсаныншы жылдардағы қиындық кезеңінде бұрынғы колхоз-совхоздар тарап, ел нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде мал басы кеміді. Суармалы жердің көлемі азайды. Арендаға берілген үлестік жерлер игерусіз қалды. Дегенмен мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына жүргізген реформалар мен тікелей көмектердің арқасында елдің агроөндірістік кешені бірте-бірте еңсесін тіктеді.

 

Салаға құйылған инвестициялардың нәтижесінде шаруалардың жағдайы жақсарып, ішкі және сыртқы нарықта салмақты рөл ойнайтын ірі өндірушілер пайда болды. Мемлекет арқылы берілетін түрлі субсидиялар мен дотациялардың көмегімен ұсақ шаруашылықтар егістік жерін игеруге, мал ұстап оның басын көбейтуге мүмкіндік алды.

Егемендіктің 30 жылында Шымкентпен бірге оның ауыл шаруашылығы да қарқынды дамыды. Қаланың республикадағы үшінші мегаполис статусын алуына байланысты оның аумағы да ұлғайды. Сонымен қатар шаһарға қосылған елді мекендер есебінен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі де өсті. Мегаполис болған соң республикалық қазынадан бөлінетін қаржы көлемі де артты. Қомақты қаражат әлеуметтік мәселелермен бірге агроөндірістік кешенге қатысты проблемаларды шешуге бағытталды. Мәселен, суармалы жер көлемін ұлғайту мақсатында соңғы жылдары қалада ескірген ирригациялық жүйелер қалпына келтіріліп, арық-атыздар, каналдар ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізілді.

Ірі қара мал басы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде 11 мыңнан 76,2 мыңға көбейген, яғни өсім 6,9 есені құрап отыр.

Шаһардың ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді мына ресми деректерден анық көре аламыз. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының берген мәліметіне сәйкес, ірі қара мал басы ширек ғасырдан астам уақыт ішінде 11 мыңнан 76,2 мыңға көбейген, яғни өсім 6,9 есені құрап отыр. Тоқсаныншы жылдардың басында қалада 34,6 мың қой мен ешкі болса, бүгінде оның саны 91,5 мыңға жетті. Отыз жылда уақ мал 2,6 есеге өскен. Шаруалардың қолында қазір 14,1 мың жылқы бар. Оның саны осыдан он жыл бұрын 1,4 мың ғана еді. 1991 жылы тіпті одан аз, небәрі 0,9 мың болды. Сонда тәуелсіздік кезеңінде жылқы басы 15,7 есеге көбейген. Шаһарда құс шаруашылығы 1997 жылдан бастап нақты қолға алына бастаған. Сол шақта 24 мың құс болса, қазір оның саны миллионнан асып кетті. Яғни құс саны 47 есеге артқан. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі де отыз жылда әжепәтеуір ұлғайған. Мәселен 90-жылдардың бас кезінде бар-жоғы 0,3 мың тонна ет өндірілсе, биыл оның көлемі 9,1 мың тоннаны құрап отыр. Тәуелсіздік кезеңінде ет өндірісі 30 есеге бір-ақ шарықтаған. Сол секілді сүт өндірісі де 1991 жылы 2,1 мың тоннадан 47,2 мың тоннаға өскен. Шымкентте 1998 жылы 2,3 млн. дана жұмыртқа өндіріліпті. 2001 жылы оның көлемі 2,7 миллионды құраса, он жыл аралығында жұмыртқа өндірісі 161,9 млн. данаға ұлғайған. Небәрі 23 жыл ішінде оның көлемі 70 есеге артып отыр.

askar-k

—Тұрғындар саны жылдан-жылға артып келе жатқан республиканың үшінші мегаполисін азық-түлікпен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұрған мәселе, - деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков.

—Сондықтан шаһар өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Осы орайда басымдықты ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласына және өндірістік жылыжайлар бағытына беріп жатырмыз. Бар міндет қолда бар егіс алқаптарын тиімді пайдаланып, заманауи технологиялардың арқасында өнім көлемін арттыру. Оның үстіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын жетекші салаға айналдыру керектігі жайлы тапсырма берген. Осыған байланысты бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласы бағытындағы жұмыстар Жолдаудағы тапсырмаларды орындау мақсатында іске асырылуда. Сонымен қатар қалада екі бірдей агро-индустриалды аймақты іске қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Оның біріншісі көліктік-логистикалық орталық маңындағы 136 гектар аумақтағы заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені. Оларды салуға арнайы жер бөлініп, І кезеңде жалпы құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 30 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешенін салуға ниетті 8 инвесторға жер 12 жылға жалға берілді. Кешен құрылысының жұмыстары осы жылы аяқталып, 450 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал ІІ кезеңде жалпы құны 21 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылып, 60 гектарға жылыжай салынатын болады. Екінші агро-индустриалды аймақ Қайнарбұлақ тұрғын алабы аумағында орналасқан. Онда ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделеді. Бұл кешен «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы деп аталады. Оны құру жұмыстары мемлекет тарапынан қолға алынып жатыр. Келешекте онда 22 млрд.теңгеге 21 жоба іске асырылады. Және 1,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Биыл І кезеңге сәйкес жалпы құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба қолға алынбақ. Соның нәтижесінде 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165 млн. дана жұмыртқа өндірісіне қол жеткіземіз. Ал егін шаруашылығы бойынша 70 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, жалпы өнім көлемі 37 млрд теңгені құрайтын болады, - деді Асқар Сәкенұлы.

Отыз жылда ауыл шаруашылығы бойынша қол жеткізген табыстардың бірі жылыжай кешендерінің құрылысы. Жалпы қалада бүгінгі таңда 103 гектар жылыжай бар. Жергілікті әкімдіктің ендігі мақсаты жылыжай көлемін ұлғайтып, өндірістік ауқымда көкөніс өсіруді жандандыру. Тәуелсіздік жылдарында қаламызда ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық белсенділік те артты. Оған соңғы жылдары жүзеге асырылған инновациялық жобалар арқылы көз жеткізуге болады. Агроөнеркәсіп кешенінің даму қарқыны Шымкентте жоғары екені Үкіметте де айтылды. Мәселен жыл басында өткен Үкімет отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері баяндалды.

agro-sala-2

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарған. Соның ішінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері бойынша қарқынды өсім бар екенін мәлімдеді. Ал бұл саланың оң нәтиже көрсетуі бірінші кезекте мемлекеттің отыз жыл ішінде шаруаларға берген қолдауының арқасы деуге болады. Соның бір дәлелі, егін еккен, мал ұстаған жандарға әкімдік тарапынан төленетін субсидиялардың берілуі және оның көлемі де экономикалық жағдайға байланысты өсіп отырады. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді төмен пайызды қаражатпен қолдайтын қаржы ұйымдары көп. Олардың қатарында шағын несиелеу ұйымдарынан бастап Ауыл шаруашылығын қолдау қоры, Агрокредиттік несие корпорациясы сияқты ірі қаржы институттары бар.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, оларды сақтау мен саудаға шығару жұмыстары қажырлы еңбек пен жұмыс күшін талап ететі түсінікті. Сондықтан бүгінгі таңда бұл салада мыңдаған адам тер төгіп еңбек етуде. Тіпті қала шетіндегі елді мекен тұрғындары есігінің алдына егін егіп, қорасында мал бағып, сол шағын шаруашылықпен-ақ отбасылық бюджеттің бір бүйірін қомпайтып отыр. Сонымен қатар агросаланың дамуы жалпы сауда нарығындағы белсенділіктің артуына оң әсерін тигізуде. Сандарды сөйлетсек Шымкент қаласында 1991 жылы бөлшек саудадағы тауар айналымының жалпы көлемі 2,3 млрд.теңге болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 414,6 млрд.теңгені құрады. Бұдан бөлек көтерме сауда айналымының жалпы көлемі 1995 жылы 266,6 млрд.теңгені құраса, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикалық мәлімет бойынша ол 893,1 млрд.теңгеге дейін өскен. Сарапшылар бұл қала аумағында сауда саласын дамытудағы шаралардың оң бағытта екендігін және көршілес өңірлер арасында, сондай-ақ алыс-жақын шет мемлекеттермен тауар алмасудың жоғарғы деңгейде жүріп жатқандығын көрсететінін алға тартады.

Сонымен бірге, соңғы жылдары қаламызда бой көтерген ірі сауда желілері, ойын-сауық орталықтары, базарлар және ішкі сауда нысандарының да жалпы экономикаға, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына қосар үлесі жоғары болып тұр.

Елде болса, ерінге тиеді

Среда, 25 Август 2021 06:43

sport-uirmeleri 2

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде елімізде бұқаралық спорт дамып келеді.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде бұқаралық спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде. Соның ішінде республиканың үшінші мегаполисінде де нақты жұмыстар қолға алынуда. Нақты айтқанда жуырда Абай ауданынан бой көтерген заманауи спорт алаңшасын атауға болады.

Самал-3 шағынауданындағы Ізгілік және Юсупов көшелерінің қиылысында орналасқан көп функционалды спорт алаңшасын қала әкімі ашып берді.

– Бұқаралық спортты дамытудың негізінде сау әрі саналы ұрпақ, мықты ұлт қалыптасады. Спорт – денсаулық кепілі. Спортпен айналысатын, оны өмірлік ұстанымына, дәстүрінің ажырамас бөлігіне айналдырған ұлт әрдайым дені сау, санасы сергек, құлшынысы биік болады. Жаман әдеттерден арылған, бойын сергек ұстайтын қоғамда тәрбиеленген ұрпақтан әрқашан тек жоғары жетістіктер күтесің. Ол үшін бұқаралық спортты әр қазақстандық, соның ішінде шымкенттіктер өзінің өмірлік серігі етуі тиіс. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан бұқаралық спортты дамыту бағытында үлкен жұмыс атқарылуда. Қаламызда жаңадан бой көтерген осынау ашық спорт алаңдары – соның бір көрінісі. Сондықтан барша қала тұрғындарын спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын, – деді Мұрат Әйтенов.

Бұл спорт алаңшасы «Eurasian Resources Group» ЖШС-нің жеке қоры есебінен салынды. Жұмсалған қаржы көлемі 14,5 млн теңгені құраған. Нысан құрылысын жүргізген мердігер мекеме – «Ферротекс» ЖШС. Жалпы ауданы 324 шаршы метр алаңша спорт жабдықтарының барлық түрімен және дене шынықтыруға арналған, түрлі жаттығу жасайтын бұйымдармен жабдықталған. Мұнда жақын маңда тұратын балалар волейбол, баскетбол, футболдан сайысып, осы спорт түрлерін жаттықтырушы арқылы үйреніп, қосымша стрит воркаутпен де айналыса алады.

Бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды айтып өткен аудан әкімі Бұхарбай Парманов 2014 жылдан бері ауданда жалпы саны 222 аула абаттандырылғанын және 58 спорт алаңшасы салынғанын жеткізді.

Б.Пармановтың айтуынша, қала әкімінің берген тапсырмасына сәйкес тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту, осы бағытта оларға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында биыл балаларға және ересектерге арналған спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына 1 млрд 389 млн теңге бөлініпті. Бұл қаражат көп қабатты 21 үй ауласын абаттандыруға, 12 спорт алаңшасын жөндеуге, бұған қоса 35 спорт алаңшасын салуға жұмсалған.

Мұнымен қоса Абай ауданында «Шымкент қайырымды қала» қоры  есебінен 4 спорт алаңшасы бой көтерді.

Қала әкімі М.Әйтенов бұдан кейін Еңбекші ауданына қарасты Қарабастау тұрғын алабынан пайдалануға берілген көпсалалы спорт алаңшасының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл нысан да «Eurasian Resources Group» ЖШС жеке қоры есебінен бой көтеріп отыр. Нысанды салуға компания 13 млн теңге қаржы жұмсаған. Спорт алаңшасының жалпы ауданы 324 шаршы метрді құрайды. Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек 2011-2020 жылдар аралығында аудан аумағында 85 спорт алаңшасы салынғанын және биыл 15 осындай спорт нысанының құрылысын қолға алу жоспарланып жатқанын баяндады. Шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы ашық спорт алаңшасының ашылу рәсімінен соң балаларға доп сыйлап, алғашқы жарыста теңбіл допты ортадан ойынға қосты. Ал спорт нысанының жаттықтырушысы Сүйіндік Жұманов балалар мұнда күн сайын волейбол, баскетбол және футбол ойындары бойынша жаттығатынын, таңертеңнен кешке дейін доп теуіп үйреніп, команда болып жарыстар ұйымдастырылатынын айтты. Сонымен бірге тұрғындарға осындай игі іс жасаған азаматтарға, бұқаралық спорттың шын мәнінде бұқаралық сыйпат алуына барынша ден қойған жергілікті әкімдікке шын жүректен алғысын білдірді.

Бүгінгі таңда Қарабастау тұрғын алабында 8932 адам тұрады. Оның ішінде балалар саны – 3370. Қарабастаулықтардың ендігі талап-тілегі – жабық спорт кешенін салу. Қала әкімі жаңадан іске қосылған жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы арқылы жеке кәсіпкерлердің өз қаражаттары есебінен спорт кешенін салуға болатынын айтты.

Ал дені сау ұрпақ – мемлекет келешегі. Келешек кемел болу үшін кәсіпкерлерді қолдау бүгінгі қажеттілік болып тұр.

 

ТЕГІН ҮЙІРМЕЛЕР КӨБЕЙДІ

Жалпы, мегаполистің әр аумағынан дәл осындай ашық спорт алаңшаларын салуға қала әкімдігі тарапынан 115 жер телімі бөлінген. Соның 14-ін демеушілердің жеке қаражаты есебінен салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 11 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Тарқатып айтсақ, Әл-Фараби ауданынан «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығы демеушілік жасап, 7 спорт алаңшасын салып беретін болды.

sport-uirmeleri 3

Осы кезге дейін соның төртеуі пайдалануға берілді. Сондай-ақ «Eurasian Resources Group» ЖШС-нің демеушілігімен 7 ашық спорт алаңшасы салынып, балалардың игілігіне жарап отыр. Ал қалған 101 спорт алаңшасын салуға бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Бұл – Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес қала бюджетін нақтылау барысында «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ-дан қысқартылған қаржы. Бұл қаражат бұқаралық спортты дамыту мақсатына қарай бағытталып отыр. Ендігі жерде Шымкенттің Абай ауданы мен оған қарасты 19 елдімекенде – 35, Еңбекші ауданы мен оған кіретін 5 елдімекенде – 14, Әл-Фараби ауданы мен оның 2 елдімекенінде – 25 және Қаратау ауданы мен соған жататын 8 елдімекенде 27 ашық спорт алаңшалары пайда болады.

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаевтың спорт саласы бойынша 6 айда атқарылған жұмыстар жөнінде берген мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 6 айында дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылданатын азаматтар саны 340 мыңнан асқан. Бұл мегаполис тұрғындарының 31,2 пайызына тең. Сондай-ақ, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасында халықтың мың адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі туралы айтылған. Ондағы жоспарға сәйкес, 2021 жылы бұл көрсеткіш 25,1 пайызға жетуі тиіс. Ал бүгінгі таңда бағдарлама талабы 25,4 пайызға асыра орындалып отыр.  Мәселен, биыл Нұрсәт шағынауданынан бой көтерген ауданы 1293 шаршы метрлік заманауи спорт кешенінің құрылысы аяқталды.

Сонымен бірге, жоғарыда айтқанымыздай, қалада спорт үйірмелерін жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарламаның басты мақсаты — спорт үйірмелерінің жұмысына жан бітіріп, спортпен шұғылданушы азаматтар қатарын арттыру. Әсіресе балаларды спортпен шұғылдануға машықтандыру. Жастайынан денесі шымыр болып өскен баланың денсаулығы да мықты болады. Елімізге, бүгінгі қоғамға да керегі — дені сау, тәрбиелі, жаман әдеттермен санасы уланбаған ұрпақ.

Спорт басқармасының басшысы Бауыржан Қалмұхамедұлының айтуынша, спорттың 71 түрінен тегін үйірмелер ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 339,8 млн теңге бөлінген. Бұл үйірмелерде 4 мыңнан астам бала жаттығатын болады. 2021 жылы балаларды спорт секцияларына тарту үлесі 5,3 пайызды құрап отыр. Қосымша анықтамаға жүгінсек, мегаполисте 6-18 жасқа дейінгі 248 мыңнан астам бала бар. Соның 172 мыңнан астамы спорттық және шығармашылық үйірмелерге барады. Ендігі жоспар бойынша қалған 76 мың баланың 5,3 пайызын спорттық үйірмелермен қамтамасыз ету көзделуде.

 

КЕЛЕШЕК ЧЕМПИОНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Ресми дерек бойынша Шымкентте 890 спорт нысаны бар. Қазіргі уақытта мегаполистегі «Металлург» стадионы қайта жаңғыртылуда. Құрылыс ы 2020 жылы басталған. Ол үшін қалалық бюджеттен қаржы бөлінді.

sport-uirmeleri 1

Стадионды жаңғырту ісі келесі жылы да жалғасады. Сонымен қатар, былтыр Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебінің жанынан қосымша ғимарат салына бастады. Құрылыс «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Сондай-ақ, алдағы уақытта қалалық №20 спорт мектебінің құрылысы қолға алынбақ. Әзірге нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, сараптамадан өтіп қойды. Құрылысқа қажет қаражат бойынша бюджетке ұсыныс енгізіліпті.  Және де қалалық №15 спорт мектебінің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге конкурс жарияланған. Аталған нысандарды тұрғызу Шымкент қалалық құрылыс басқармасы тарапынан жүзеге асырылады.

Басқарма басшысының баяндауынша, қалада жаңа ипподромның құрылысы басталды. Нысан «BIGroup» компаниясының демеушілігімен салынады. Қазіргі таңда ипподром түсетін аумақта жер қазу, тегістеу жұмыстары жүргізіліп, бетон төсеніштер құйылып бітті. Ипподром құрылысы жобасының жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайды. Айта кету керек, жаңа ипподромда 2 мың метрлік атшабар алаңы, 1500 адамға арналған көрермен орны және аттар тұратын қысқы және жазғы қоралар болады. Мегаполисте бұдан басқа «Отау Строй» ЖШС демеушілігімен құны 400 млн теңге болатын үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысын жүргізу көзделуде. 

Сайып келгенде, бұл атқарылып жатқан жұмыстар ұлт денсаулығын нығайту мақсатында қызмет етеді.

Страница 1 из 14