ЖАБЫҚ МЕКЕМЕДЕ КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАУ ТУРАЛЫ

Среда, 31 Март 2021 04:13 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5544 раз

karantin-m

 

"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына (бұдан әрі-қаулылар) сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің, оның ішінде ҚАЖ мекемелерінің қызметін қайта бастау көзделген.

1. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың туыстарымен, белгіленген тәртіппен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер өткізуіне мынадай талаптар сақталған жағдайда рұқсат етіледі:

1) ұзақ кездесулерге келетін туыстардың ПТР әдісімен covid-19-ға зертханалық тексерілгені туралы теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен құжатты ұсынуымен;

2) дене температурасын өлшеу және ҚАЖ мекемелерінде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге келетін барлық адамдардың сауалнамасын толтыра отырып, кейіннен ұзақ мерзімді кездесулердегі адамдарға күнделікті термометрия жүргізе отырып, сауалнама жүргізу арқылы;

3) ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттің және олардың туыстарының қысқа мерзімді кездесулерін ұсыну кезінде бетперде режимін сақтау қамтасыз етілген жағдайда;

Келушілердің көп жиналуын және covid-19, пневмония және ЖРВИ жұқтыру ықтималын болдырмау мақсатында, ұзақ кездесулер тек 1 ересек келушіге covid-19, ПТР тестілерін міндетті түрде ұсынумен және бетперде режимін, сондай-ақ басқа да эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң сақтау кезінде ұсынылады.

 

АҚЫЛ ҚҰЛЫБАЕВ,

ИЧ–167/4 мекемесінің жедел бөлімнің жедел уәкілі,

әділет майоры

Последнее изменение Среда, 31 Март 2021 04:44
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Мұқтаж отбасылардан алғыс алды