ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ Избранное

Пятница, 05 Июль 2024 06:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 239 раз

Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті.

2 Қабылдау1

 

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындардың баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер мәселелеріне қатысты арыз-шағымдарын қарастырды. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кезекті қабылдауда 100-ден аса тұрғынның арыз-шағымы пысықталып, тиісті шешімдер қабылданды. Мұндай шаралар мәселелерді оңтайлы шешуге ғана емес, сонымен қатар халықтың ең күрделі проблемаларын анықтауға да мүмкіндік береді. Белгілі бір уақытты қажет ететін сұрақтар қала басшысының жеке бақылауына алынды.
Ғ.Сыздықбеков жауаптыларға азаматтармен кері байланысты күшейтуді тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.