ШАРУА ҚУҒАН ҚАЗЫНАҒА ЖОЛЫҒАР Избранное

Пятница, 05 Июль 2024 06:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 229 раз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, бүгінде Шымкентте ауыл шаруашылығын дамытуда кешенді жоспарлар жүзеге асырылып жатыр. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев салада атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.\

4 Ara-bal-1

 

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Шымкентте 3400-ден аса шаруа қожалығы мен фермер бар. Оның ішінде 785-і мал шаруашылығымен, алтауы балық шаруашылығымен, төртеуі құс және 60 шаруа омарта (бал ара) шаруашылығымен айналысады

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Ұлттық жобасы аясында қалаға 12 индикатор бекітіліп берілген. Аталған көрсеткіштерге жету мақсатында бірқатар іс-шаралар биыл атқарылады.
Шымкентте 3400-ден аса шаруа қожалығы мен фермер бар. Оның ішінде 785-і мал шаруашылығымен, алтауы балық шаруашылығымен, төртеуі құс және 60 шаруа омарта (бал ара) шаруашылығымен айналысады. Бұл шаруашылықтардың негізгі мақсаты – қала халқын жергілікті жерде өндірілетін сапалы азық-түлікпен қамту үлесін арттыру.
– Қазір қала аумағында 81 елді мекенде 157 мыңға жуық мал және 50-ге жуық түрлі қайта өңдеуші кәсіпорын бар. Мұндай жоспарлардың мақсаты қала тұрғындарының табыстарын арттыруға және өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектесу болып табылады. Сондай-ақ өңірлік деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу, қала халқын табиғи өнімдермен үздіксіз қамтамасыз ету және қосымша жұмыс орындарын ашу көзделуде. Былтыр ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың га құраса, биыл қалада егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың га жетіп, өнімділік 86,0 мың тоннаны құрайтын болады. Оның 11 мың гектарға жуығы – дәнді дақылдар. Малазықтық дақылдар – 9,0 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, майлы дақылдар – 3,0 мың га, картоп – 0,5 мың га егілді, – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев.
Сонымен қатар, 2024 жылы өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143,2 млн теңге қаржы қаралған. Ол қаражат егіннің түгел шығынын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, тыңайтқыштарға – 122 млн тг, тұқым шаруашылығына – 20 млн тг, пестицидтерге – 600,0 мың тг, жылыжай шаруашылығына – 767,8 млн тг. Сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 теңгеге жанар-жағармай бөлініп, толығымен үйлестірілген.
Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша былтыр 16 жоба, биыл 14 жоба жүзеге асырылып, 104 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Олар: 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпорны, 2 құс шаруашылығы, 1 жылыжай кешені, 1 мал бордақылау, 1 көкөніс өңдеу, 1 құрама жем зауыты.
Алдағы уақытта 8,5 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт және 160,0 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту мақсатында аумағы 132 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 21 жобаға 23 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1800-ден астам жұмыс орны ашылады.
Шаһарда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мен өнімділігін арттыруға субсидия асыл тұқымды малға, селекциялық асылдандыруға, өндірілген өнім мен жем-шөп шығындарының бір бөлігін өтеу үшін беріледі. Бұл бойынша нақты норматив бекітілген.
Соңғы жылдары экономикаға тартылған инвестиция көлемінің артуы бойынша Шымкент қаласы республикада алдыңғы қатардан көрініп келе жатқаны белгілі. Қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннаға жуық өнім жиналуда.
Құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны түріктің «Alarko Holding» компаниясы жүзеге асырады. Жалпы, жоба бойынша жаңа технологияларға негізделген жылыжай 500 гектар аумаққа салынып, 2000 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтары құрылысына кеткен шығындарының 30%-ы субсидияланып, коммуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. теңгеден 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында 8,7 млрд. теңге қарастырылған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелері өткізіледі. Жәрмеңкеде 250-ге жуық тауар өндіруші, шаруа қожалықтар және көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 170-180 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар және күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда. Жәрмеңкеге жауапты мемлекеттік мекемелер бекітілген.

Биыл қалада егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың га жетіп, өнімділік 86,0 мың тоннаны құрайтын болады. Оның 11 мың гектарға жуығы – дәнді дақылдар. Малазықтық дақылдар – 9,0 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, майлы дақылдар – 3,0 мың га, картоп – 0,5 мың га егілді

4 sarua kugan

– Делдалдық қызметті шектеу шаралары аясында құзырлы органдармен базарларды аралап, мониторинг жасап тұрамыз. Жақында Қырғы базарға жасалған мониторинг барысында көкөністерді шекті сауда үстемесін 15 пайыздан асырған кәсіпкерлерге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, базар басшылығына және кәсіпкерлерге бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, – дейді Талғат Тойлыбайұлы.
Қалада 80-ге жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда. Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан бірнеше комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде 219 сауда субъектілерінің электрондық шот фактуралары зерттеліп, тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 128 кәсіпкерлік субъектіге ҚР ӘҚБтК 204-4-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Сондай-ақ, брифингте зиянкестерді болдырмауда атқарылып жатқан жұмыстар да айтылды. Қала аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын бүрку, тоғыту, қора-жайлар мен буферлік аумақтарға залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Айта кетерлігі, залалсыздандыру жұмыстары басқарма тарапынан тек мал бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоралары бар үйлерге бюджет есебінен жүргізіледі. Жыл басынан бері кенелерге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша, 1 950 000 шаршы метр қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар, 375 750 шаршы метр – ауыл шаруашылығы жануарлары шоғырланатын орындар, суаттар, жайылымдар мен мал иірімдері және қолайсыз аймақтар залалсыздандырылып, 74 850 бас ірі қара мал бүркуден, 77 660 бас уақ мал тоғытылған. Т.Мекамбаевтың айтуынша, жыл сайын төрт рет масаға қарсы күрес жүргізіледі.
Ал, басқа да жеке және заңды тұлғалар инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу үшін дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
Қала аумағындағы жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы 240 255 ауыл шаруашылығы жануарларына диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 1 422 815 ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жоспарлануда. Нәтижесінде 2024 жылы 40 000 қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, 15 000 агрессивті және емделмейтін аулармен ауыратын ит-мысықтарды тыйым салынбаған препараттармен (эвтаназиямен) жансыздандыру және 25 000 қаңғыбас жануарларды кастрация-стерилизациялау жүргізілетін болады.
Айта кету керек, Шымкентте жалпы 45 гүлзар, 12 саябақ, 35 өзен мен канал, 2 су қоймасы бар. Өткен айда осы аумақтарда толық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Ал, көпқабатты үй аулалары мен жеке секторларға масаға қарсы дәрі себілмейді. Оны тұрғындар өз қаржысына жүргізеді. Жануарлардың шоғырлану орындарының мониторингі және азаматтардың өтініштері бойынша 4841 өтінім түскен. Соның нәтижесінде қараусыз қалған және қаңғыбас 11 114 ит және 1 593 мысық ауланып, үлгілік қағидаға сәйкес ізгілік тәсілмен жансыздандырылды.

Последнее изменение Пятница, 05 Июль 2024 06:21
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.