Кіреберіс жолдарға «Shymkent» деген жазуы бар стелла орнатылады Избранное

Пятница, 05 Июль 2024 06:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 331 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халықпен мүмкіндігінше жиі кездесіп, қалада атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, аралап көруді әдетке айналдырған.

2 shol

 

Қала әкімі кезекті рет қаладағы нысандарды аралады. Ол «Тассай», «Таскен» және «Самал-3» шағынаудандарында болып, жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмысымен танысты. Мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты уақтылы әрі сапалы аяқтау міндетін жүктеді. Сонымен бірге жауапты басқарма басшысына қатаң қадағалауды тапсырды.
Аралау барысында қала әкімі демалыс алаңын салып беруді өтінген Абай ауданына қарасты Сазтөбе көшесі тұрғындарымен кездесті. Ғ.Сыздықбеков Абай ауданының әкіміне кішігірім демалыс алаңын салуға тапсырма берді.
Әл-Фараби көшесі бойындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмысын да тексеріп, аудан әкіміне ағаштарды суаруды күшейту қажет екенін айтты.
Одан әрі қаланың Темірлан тас жолындағы кіреберісінде «Shymkent» жазуы бар белгінің орнатылуын бақылады. Алдағы уақытта «Shymkent» деген жазуы бар стелла қалаға кіреберіс барлық жолдардың бойына – Ташкент, Алматы, Түркістан кіре берісіне, әуежай және вокзал жаққа да орнатылады.
Мегаполис әкімі Асқаров көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан «Мадлен» кондитерлік цехының жанындағы жаңа гүлзардың құрылысын да көрді. Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтарына ашық аспан астында кино тамашалауға мүмкіндік қарастырылған.
Одан әрі Гагарин көшесіндегі тұрғын үй ауласында салынып жатқан спорт және ойын алаңдарының да құрылыс барысын тексерді. Мердігер компания өкілдеріне пайдаланылған материалдардың сапасына жіті назар аударып, барлық жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды.
Аралау соңында «Жасыл белдеу» КММ-де болып, жасыл белдеу аумағын ұлғайту мақсатында мекеме басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде жапырақты көшеттердің алқабын ұлғайту, қаладағы ағаштарды көбейту, сондай-ақ біржылдық және көпжылдық гүлдерді өсіруге арналған жылыжай кешенін салу міндеттері бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ