АСҚАРОВ РУХЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 06:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 427 раз

Шымкентте Асанбай Асқаровтың туғанына 100 толуына орай тарихи тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Еске алу шарасына Шымкент қаласы мен Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен марқұммен қызметтес болып, көзін көрген ізбасарлары қатысты. Іс-шара барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйлеп, қайраткердің еліміздің дамуына қосқан үлесі жайлы баяндады.

158

 

–Асанбай Асқарұлы тек Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл еліміздің дамуына елеулі еңбек сіңірген. Сондықтан тарихи тұлғаның 100 жылдық мерейтойы республика көлемінде жоғары деңгейде аталып өтіп жатыр. Бүгін көршілес Жамбыл облысында, өзінің туған жерінде жары және ұрпақтарының қатысуымен мерейтойға арналған республикалық шара өтуде. Ал, Шымкент қаласында қазан айында Асанбай
Асқаровтың артында қалдырған мұрасы мен оның тарихи тұлғасын тануға арналған республикалық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді М.Әйтенов.
Мұрат Дүйсенбекұлы
Асқаровтың еліміздің, соның ішінде Шымкент қаласының дамуына сіңірген еңбегі жайлы айтып өтті.
–Асанбай Асқаров басшылық еткен жылдары Шымкент қаласы көркейіп, жайнай түсті. Шаһардың экономикасы мен өнеркәсібі дамып, жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынды. Қаламызда дендросаябақ пен өзге де мәдениет және спорт нысандары бой көтерді, – деді шаһар басшысы.
Оның айтуынша, бүгінде Шымкентте Асанбай Асқаров ескерткіші мен ол кісінің атындағы көше мен орта мектеп және мұражай бар. Осыдан екі жыл бұрын Шымкенттегі дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілгенін де айта кеткен жөн. Сонымен қатар белгілі жазушы-драматург Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» атты пьесасы 2017 жылдан бері Жұмат Шанин атындағы драма театрында сахналанып келеді.
–Асанбай Асқарұлы – саналы ғұмырын туған халқына қызмет етуге арнаған, іскер ұйымдастырушы, білікті басшы әрі қайраткер ретінде қалыптасқан тұлға. Оның өнегелі өмірі, өз еліне деген сүйіспеншілігі, қарапайымдығы мен адалдығы бүгінгі жастарға үлгі болып, олардың жадында жаңғырып тұруы тиіс. Осылайша ұрпақтар сабақтастығы жалғасып отырса, Асқаровтың дара тұлғасы туған халқымен бірге мәңгі жасай бермек, – деді
Мұрат Дүйсенбекұлы.
Иә, Асанбай Асқаров – адалдық пен тазалықты ту еткен, қарапайым қалпынан танбай жүріп елге қызмет етудің ерен үлгісін көрсеткен көрнекті қайраткер. Әрқашан жеке басының қамын емес, туған халқының жағдайын, елінің ертеңін ойлап өткен азаматтың жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталары ақиқат.

Другие материалы в этой категории: « Басты назар – сапада ТАЛПЫНЫС ТАС ЖАРАДЫ »