Қазіргі таңда 5 бағытқа, атап айтқанда №74,35,12,84, және 27 қоғамдық көліктеріне дауысты хабарлама орнатылуда.
Сонымен қатар мамандар тарапынан қаладағы аялдама атаулары зерттеліп, 718 аялдама тізімге енді. Аялдама атаулары қазақ тілінде жазылған арнайы кітапшалар автобус жүргізушілері мен кондукторларына таратылды. Тасымалдаушы компанияларға да аялдамаларды дұрыс айту талабы қойылған.
Атап өтсек, шаһарда 10 тасымалдаушы мекеменің резервпен қосқанда 1000-ға жуық қоғамдық көлігі бар. Бүгінде жолаушыларға
77 бағыт бойынша 875 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 75 бағыт әлеуметтік мәні бар екені айқындалған.