«Қазпошта» қызметі қолжетімді Избранное

Среда, 14 Июнь 2023 04:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 835 раз

«Қазпошта» қызметін тұрғындарға қолжетімді ету мақсатында Shymcity шағынауданында ұйымның 32-інші бөлімшесі ашылды. Нысанның ашылу салтанатына «Шымкент поштамат» филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Асылхан Болатұлы және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары Алмагүл Жармұхамбетова қатысты. ⁣⁣

701

 

Жаңадан ашылған пошта бөлімшесінде халыққа қажетті байланыс және төлемдер қызметі көрсетіледі. Жұмыс уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 9:00-14:00-ге дейін тұрғындарға қызмет етуге дайын. ⁣⁣
–Қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ қызметі қарқынды дамуда, соның ішінде пошталық жөнелтімдерді жіберу, қомақты және ауыр салмақты жүктерді республика ішінде жөнелту мен жеткізу, газет-журналдарға жазылуды рәсімдеу, сәлемдемелер супермаркеті сынды пошталық қызмет түрлерін ұсынып отырмыз. Бұған қоса, коммуналдық, салық жане басқа да төлем түрлері бар. Біздің міндетіміз — әрбір келген тұтынушыға сапалы әрі жоғары дәрежеде қызмет көрсету, – дейді «Шымкент поштамат» филиалының сату бөлімінің басшысы Бағдат Есенбаев. ⁣
Shymcity шағынауданының тұрғындары еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірінен келген сәлемдемесін алу және жөнелту үшін қала орталығына сабылмайды. «Қазпошта» қызметін қаланың кез-келген тұрғыны да қолдана алады.⁣⁣

⁣⁣Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.