ЖАС ҰРПАҚҚА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР Избранное

Среда, 14 Июнь 2023 05:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 822 раз

«Жастарды әскерге тарту мәселесіне ерекше назар аудару керек». Бұл мәселе Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті жиынында талқыланды. Басқосуға Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Әбдіғабит Шегебаев, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысып, жастардың отансүйгіштік тәрбиесі жөнінде ойларын ортаға салды.

711

 

Қазақтың бүгіні мен ертеңін, өрлігі мен ерлігін, жас ұрпаққа насихаттау жолында патриоттық тәрбиенің алатын орны ерекше екенін атап өткен ардагерлер кеңесінің мүшелері жастарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру ісін жандандыру қажет екенін алға тартты. Әсіресе, жастарды әскерге тарту мәселесіне ерекше назар аударып, әскер борышын өтеу айрықша миссия екенін түсіндіру жұмыстарына тоқталды. Жастарды әскерге үгіттеу, жігерлендіру мәселелері де сөз болды.
– Халқымыз «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген сөзді текке айтпаған. Қазыналы қарттар отбасында, қоғамда өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін айтып, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеп, өмірге, ертеңгі күнге деген сенімін қалыптастыруға атсалысуымыз керек. Сонда ғана шекарамыз шегендеулі, шебіміз мықты ел боламыз, – деді Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев.

Әйгерім ӘМІР

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.