Бозарықтың спорт мектебі бар Избранное

Среда, 21 Июнь 2023 05:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 646 раз

Бозарық-3 шағынауданында спорт мектебі ашылды. Жаңа нысан ауыр атлетикадан Олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебіне тиесілі. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов, Италияның Генуя қаласынан келген қонақтар мен Бахадыр Нарымбетов бастаған қала мәслихатының депутаттары қатысты.

210

 

Жаңа спорт ғимаратында 10-16 жас аралығындағы 1000-ға жуық оқушы спорттың 7 түрінен жаттыға алады. Ашылған сәттен бастап 500-ге жуық бала ауыр атлетика түрлеріне жазылып үлгеріпті. Бұл жердегі барлық зал заман талабына сай жабдықталған. Ғимараттың бірінші қабатында ауыр атлетика залы, киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медициналық кабинеті бар. Ал, екінші қабатында күрес, грек-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі секілді әмбебап залдар орналасқан.
Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Нұрғиса Әділетұлы осындай залдар елімізде сирек екенін айтып, қала әкіміне алғысын жеткізді.
–Спортшыларға барлық жағдай қарастырылған залдар елімізде өте сирек. Шымкент қаласынан ауыр атлетикаға арналған заманауи спорт кешені ашылғанына өте қуаныштымыз. Бұл елді мекенде де еліміздің туын көкке көтерер әлем чемпиондары шығады деп үміттенеміз, - деді Азия чемпионы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « АЛДЫМЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ... БАЛАЛАР ШАТТАНҒАН КҮН »