МӘМС: 78 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҒЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН Избранное

Среда, 14 Февраль 2024 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 281 раз

Шымкентте МӘМС шеңберінде ересектер мен балаларға медициналық оңалту көмегіне қолжетімділік артқан. Бүгінде кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары, травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша 68 медициналық ұйым көмек көрсетеді. Емдеу мекемелерінде былтыр 400 мыңға жуық оңалту шаралары көрсетілген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлім етті.

akiMM-2

 

еуметтік медициналық сақтандыру аясында консультациялық-диагностикалық қызмет көлемі өскен. 2019 жылы 837 675 консультациялық диагностикалық қызмет көрсетілген болса, былтыр МӘМС және тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетілген қызмет 4 миллионға жеткен.
Әсіресе, тұрғындар көп күттіретін консультативтік-диагностикалық қызметтер мен қымбат тұратын КТ, МРТ аппараттарына түсу кезегі 10 күннен 1-5 күнге төмендегеніне қуанышты. Қымбат медициналық диагностикалық қызметтер 2020 жылға дейін әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ғана тегін көрсетілген болса, қазір барлық сақтандырылған азаматтарға ақысыз негізде қолжетімді.
Шымкентте амбулаториялық тегін дәрі-дәрмек 131 нозология бойынша босатылып отыр.
– Қаладағы медициналық мекемелерде былтыр 114 054 науқас стационарлық жағдайда емделген. Оның 100 мыңға жуығы МӘМС қаражаты есебінен ем қабылдады. Күндізгі стационарда 37 мыңға жуық науқас ем алған. Оның 11 790-ы МӘМС есебінен, 25 134 науқас ТМККК бойынша емделді, – деді Сәбит Райымбекұлы.
Жалпы, Шымкентте тұрғындардың 78 пайызға жуығы МӘМС-пен қамтылған. Яғни, қаланың 1 165 340 тұрғынының 906 760-сы сақтандырылған, 258 580-і сақтандырылмаған.
Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жалғастырып келеді. Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылған тұрғындар саны 700 мыңнан асады. Биыл мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды.
Өткен жылы 1300-ден астам адамға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіліпті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бүйрек, бауыр трансплантациясы мен алғаш рет жүрек трансплантациясы да жүзеге асырылған. Мамандар биыл 1500-ге жуық адамға ЖТМК көрсету жоспарланғанын алға тартты.
Шымкент қаласы бойынша 188 медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік, 154-і жекеменшік медициналық ұйым. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Шымкент қалалық филиалы тарапынан олардың халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетулеріне жүйелі түрде мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Өйткені, халықты сапалы әрі уақытылы медициналық көмекпен қамту, қаражатты жұмсаудың ашықтығын арттыру – МӘМС жүйесінде медициналық қызмет берушілерге қойылатын негізгі талаптар.

Жансая АЙТУҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.