АРЫЗ-ШАҒЫМДАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ Избранное

Среда, 14 Февраль 2024 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 397 раз

Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде Тұран ауданының өзекті мәселелері, даму жоспары және iKomek орталығының қызметі қаралды.

akiMM-1

 

Тұран ауданына қарасты 21 елді мекенде 220 700 тұрғын бар. Ондағы шағынаудандардың 18-і табиғи газбен, 20-сы электр жарығымен,12-сі кәріз жүйесімен, 19-ы ауыз сумен толық қамтылған. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын 90 пайызға, 2025 жылы 100 пайызға жеткізу жоспарланған.
Алайда, аудан аумағында абаттандырумен қатар тазалыққа қатысты өзекті мәселелер бар. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан әкіміне елді мекен белсенділерімен тығыз жұмыс жүргізіп, проблеманы шұғыл шешуді тапсырды.
Аппарат жиынында iKomek орталығының жұмысы қорытындыланып, қызметті жақсарту бағытындағы ұсыныстар пысықталды. Қала әкімі сала басшыларына азаматтардың арыз-шағымдарымен жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.