БЕТПЕРДЕ РЕЖИМІ ЕНГІЗІЛДІ Избранное

Среда, 14 Февраль 2024 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 418 раз

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың 8 ақпан күнгі «Ауа-тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» Қаулысына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында бетперде тағып жүру режимі енгізілді.

maska

 

Профилактикалық шаралар халық арасында қызылша, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, тұмау және басқа да респираторлық вирустық инфекцияларының алдын алу аясында жүргізілуде.
Республика аумағындағы барлық облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың персоналы мен келушілердің маска тағуын міндеттеу жүктеліп, медициналық мекемелерде антисептиктің қойылуы міндеттелуде.
Жоғарыда айтылған қалалар мен облыс аумақтарына қарасты әкімдіктер мен барлық мемлекеттік органдарға, заңды және жекеменшік нысандарда, халық көп шоғырланатын орындарда медициналық немесе мата бетперде тағу қажеттігі ескертілуде.
Әсіресе әуежай, теміржол вокзалдары, базар, сауда немесе ойын-сауық орталықтары, театрлар мен кинотеатрлар, ХҚКО, банк сияқты қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктердің барлығында бетперде тағу міндеттелуде.
Оған қоса жауапты органдарға COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ-дің алдын алу жолдары жөнінде жергілікті тұрғындар арасында айшықты ақпараттар жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Ауырмаудың жолын іздесеңіз, сақтық шараларын сақтап, бетперде тағып жүріңіз!

«ШК»-ақпарат

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.