КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА – СҰЛУ ӨНЕР Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 89 раз

Шымкентте Қала күніне орай көркем гимнастикадан Қаратау ауданы әкімінің кубогы бәсекесі өтті. Кезекті рет ұйымдастырылған турнирге 8-14 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшы қатысты. Сайысты өткізудегі басты мақсат – осы тамаша спорттың барлық қырларын көрсету, саламатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.

GimNas

 

Турнир ережеге сәйкес жекелей және топтық бағытта өткізілді. Нәтижесінде топтық сайыстар бойынша 11 алтын, 12 күміс медаль иегерлері анықталды. Ал, жекелей сайыста 7 алтын, 7 күміс, 46 қола медаль иегерлері анықталып, олар аудан әкімінің арнайы кубогы, дипломы және мерекелік сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, барлық спортшыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Турнирдің қорытындысында аудан әкімі Рақымберді Мүлкеманов барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды, бапкерлер мен ұйымдастырушылар алқасын құттықтап, сәттілік тіледі.
– Көркем гимнастика – спорттың ең сұлу түрі. Сол себептен де соңғы кезде спорттың осы түріне деген қызығушылық артып отыр. Аталған спорт түрінде жоғары жетістіктерге жету үшін күн сайын үздіксіз еңбектену қажет. Осындай жарыстардың өтуі жас шәкірттерге зор серпін береді. Алдағы жауапты бәсекелерде сәттілік тілеймін! – деді аудан әкімі.
Көркем гимнастикадан Қаратау ауданы әкімінің кубогы дәстүрлі турнирге айналды. Бұл – алдағы жауапты сайыстарға жол ашатын, жас спортшылар үшін тәжірибе алаңы. Қалада көркем гимнастика спортында жеңісті дәстүр бар. Осы шәкірттер арасынан алда еліміздің чемпиондары шығатынына сенім мол.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.