Тұрғындар талабы ескерусіз қалмайды Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 04:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 447 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында «САҚ» киностудиясына барып, мультфильмдер мен көркем фильмдерді әзірлеу жұмыстарымен танысты.

AkiM

 

Шымкент мультипликаторларының жұмыстары көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болып жүр. Жалпы анимацияның басты мақсаты – жансыз затқа жан беру. Ал көрерменді қиял-ғажайыпқа сендіру үздіксіз еңбек етуді қажет етеді. Әкім осындай жауапкершілік арқалаған киностудия қызметкерлерінің шығармашылық жұмыстарын тамашалап, қазіргі таңда жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, жаңа шыңдарды бағындыра беруге тілектестік білдірді.
Әкім киностудиядан кейін «Дары Сайрама» ЖШС-ның зауытын аралап, консервіленген өнімдерді, қызанақ өсірілетін «Trade Agro Invest» ЖШС жылыжай кешені өндірісін аралап көрді. Кездесу барысында серіктестік басшылары кәсіпорындардың қызметімен, даму жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында судың жоқтығына шағымданған Бозарық тұрғын алабы тұрғындарымен де кездесті. Мәселенің мән-жайына қаныққан әкім мердігер ұйым өкілдері мен аудан әкіміне су құбырын жүргізу жұмыстарының қарқынын жеделдетуді, сондай-ақ уақытша жол салуды тапсырды.
Ал, жолдар барлық жұмыстарды кезең-кезеңімен аяқтағаннан кейін төселіп, ирригация жүйелері орнатылатын болады.
Қала әкімі бұл күні «ҚазКомАгро» ЖШС құс фабрикасына да барды. Мұнда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, ал маусым кезінде қосымша 70-ке жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылады. Әкім ұжымға, кәсіпорын директорына қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі үшін алғысын білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.