ЖАРЫСҚА ҚАТЫСЫП, ВЕЛОСИПЕД МІНІП ҚАЙТТЫ Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 371 раз

Абай ауданында Қала күніне орай жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Әкім аппаратының ұйымдастырумен болған сайысқа 100-ге жуық бала қатысып, бақ сынады.

BelOsipEd

 

Жарыс шарты бойынша қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 4 топқа бөлінді: 2011-2013 жылғы жасөспірім ұлдар арасында; 2011-2013 жылғы жасөспірім қыздар арасында; 2014 және одан төмен жасөспірім ұлдар арасында; 2014 және одан төмен жасөспірім қыздар арасында.
Жарыс қорытындысы бойынша 12 бала жүлделі орындарға ие болды. Бағы мен бабы қатар шапқан балалар – кубокпен, арнайы алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, 1-орын иеленген 4 балаға велосипед, 2-орын иелеріне 4 самокат, 3-орын иелеріне 4 скейтборд табысталды.

Г. ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.