ТҰРҒЫНДАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҚСАРТУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ Избранное

Среда, 17 Июль 2024 06:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1239 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтару жұмыстары мен жол құрылысы нысандарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

NurKeez

 

Айта кетейік, қабылданған қаулыға сәйкес, биыл шілдеге дейін жалпы алаңы 137 гектарды құрайтын 198 жер телімі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар заң шеңберінде, тиісті талаптарға сәйкес жалғасуда.
Сонымен қатар мәжілісте құрылыс заттары сатылатын орындарды қала сыртына көшіру, базарларды жаңғырту, қала тазалығы, жәндіктерге қарсы залалсыздандыру, көшелерді жарықтандыру жұмыстары да пысықталды.
Қала әкімі сала басшыларына құрылыс алаңдарындағы жұмыстарды қадағалап, құрылыс мәдениетінің сақталуын назарға алуды тапсырды.
Қала әкімі аудан және тиісті сала басшыларына тазалық шараларын жүйелі атқаруда, залалсыздандыру жұмыстарын күшейтуде бірқатар тапсырмалар берді. Көп қабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау жұмыстарын бақылап, халықпен кері байланысты жақсартуда да жауаптыларға міндеттер жүктелді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.