ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ Избранное

Среда, 24 Июль 2024 05:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 503 раз

Жол қауіпсіздігі – көп мемлекет үшін әлеуметтік және экономикалық дамуға әсері бар басты мәселелердің бірі. Жол ережесін сақтау - қауіпсіздік кепілі, ережені сақтау - баршаның міндеті.

4 жол ережелері

 

Осыған орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз жол» акция аясында қала тұрғындарын жол жүру ережелерімен таныстыру және жолда апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында Әл-Фараби алаңында іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындары мен жастарын жаяу жүргіншіге арналған жол, бағдаршам өтпелі, скутер(мопед) жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болды.
Жиын барысында полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен жастарына жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту ережелерін, жол қауіпсіздік белгілерінің мағынасын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, электрсамокат, скутер, мопед жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын көрсетіп, жолда жүру ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырып өтті.
– Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі - жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, жүргізуші тәртібінің төмендігі. Жыл басынан бері ЖКО 6 есеге өскен. Оның ішінде кәмелетке толмағандар қатысқан жол апаты да толастамай отыр. Олардың дені мопед, самокаттардың қатысуымен. Осыған байланысты жол қауіпсіздігі сауаттылығы бойынша жедел профилактикалық жұмыстарды үнемі өткіземіз, - дейді Шымкент қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасының патрульдік полиция портының әкімшілік практика тобының инспекторы полиция майоры Азамат Шайдербеков.

С. ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.