ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР НЕЙРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫМЕН БАС МИ ІСІГІНЕ ЕРЕКШЕ ОТА ЖАСАДЫ Избранное

Среда, 24 Июль 2024 05:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 517 раз

Шымкент қалалық №2 ауруханасында алғаш рет нейронавигациялық құрылғы көмегімен бас ми ісігіне ота жасалды. Дәрігерлер жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету арқылы
72 жастағы қарияны аман алып қалды.

4 шымкент дәрігерлері

 

Науқас соңғы 2-3 айда сол жақ аяғының әлсіреуі салдарынан жүре алмай қалған. МРТ және басқа да медициналық тексеру нәтижелері зейнеткерде мидағы ісікті анықтайды.
Инновациялық технология қолданылған күрделі отаны аурухананың нейрохирург - дәрігері Еркін Медетов жасады.
Дәрігердің айтуынша, нейронавигациялық құрылғы ісікті 0,1мм дейінгі аса дәлдікпен көрсетіп, науқастың өміріне қауіп пен қан жоғалту ықтималдығын азайтады. Ота барысында заманауи нейронавигациялық жүйе көмегімен үздіксіз мониторинг жасалып отырады және мидың тамырлары мен маңызды аймақтарын толық сақтап қалуға болады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалған күрделі ота сәтті өтті. Пациент таяу күндері ауруханадан шығады және дәрігерлердің нұсқауын орындап, бақылауда болуы тиіс.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.