Биыл 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі Избранное

Среда, 05 Апрель 2017 04:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4309 раз

Облыста мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің саны жылдан-жылға артып, қоныстойлар көбейіп келеді. Мәселен, өткен жылы 242 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 131 тұрғын үй пайдалануға берілген. Қалған 111 тұрғын үй құрылысы 2017 жылға өтпелі. Биылғы меже бойынша өңірде 524,5 мың шаршы метрді құрайтын 169 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 113 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

00330

Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің алқа мәжілісінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлімдеді. Мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының өңірдегі іске асырылу барысын баяндаған басқарма басшысы негізгі бес бағытқа тоқталды. Бірінші бағыт – ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру келесі бағыты – жеке құрылыс салушыларды ынталандыру. Мұнда жеке құрылыс салушыларды ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру көлемдерін кеңейту арқылы құрылыс компанияларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету негізге алынған.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік баспана салу үшінші бағытта көзделген. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы төртінші бағытта. Ал бағдарламадағы бесінші бағыты – жеке тұрғын үй құрылысын дамыту. Бұл бағыттың шеңберінде көптеген озық әлемдік қалалардың үлгісінде бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үйлер салуға басымдық беріледі. 

Мәжілісте сөз алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаланың өзінде 30 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұрғандығын, оларды қамту мерзімі әлі нақтыланбағанын алға тартты.

– «Оңтүстік ӘКК» арқылы инвесторлар тарту керек. Бос пайдаланбай жатқан жерлер көп. Жер иелері көпқабатты тұрғын үй салуы керек, шамасы жетпесе жерді мемлекетке қайтаруы тиіс, – деді қала басшысы.

Баяндамашылардың есебін тыңдаған соң облыс әкімі құрылыс саласы бойынша жұмыстар талапқа сай атқарылуы керек екенін жеткізді, сондай-ақ үй тұрғызғанда оңтүстіктің ауа райы да назардан тыс қалмауын ескертті.

Другие материалы в этой категории: « 42 тұрғын үй жөнделеді Мегаполис мүмкіндіктері »