Биыл Абай ауданы аумағындағы 424 көпқабатты тұрғын үйді қысқа дайындау, ішкі жылу мен ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Осыған орай, «Қуатжылуорталық-3» МКК сервистік қызмет көрсету орталығы мен аудан әкімдігінің қызметкерлері бірлесе тұрғындар арасында келісім-шартқа отыру тұрғысында жиналыстар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 172 үй «Қуатжылуорталық-3» МКК, 40 көпқабатты тұрғын үй «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС және 10 тұрғын үй «Энерго Строй Сервис» ЖШС мекемелерімен келісім-шартқа отырды. Ал 177 тұрғын үй қысқы маусымға толықтай дайын.
Айта кетейік, аудан аумағындағы тұрғын үйлердің 33-не темір есік орнатылса, подьездегі терезелердің 44,5 пайызы ауыстырылып, ретке келтірілген.