Су реттегіш құралдары толық цифрландырылады Избранное

Пятница, 09 Ноябрь 2018 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3142 раз

Шымкентке ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбаев іс-сапармен келді. Сапар аясында ол «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де болып, цифрландыру бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты.

61

 Мәжілісте «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басшысы Анарбек Орман комитет төрағасына мекеменің атқарып жатқан жұмыстарын баяндап өтті. Кәсіпорын басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Шымкентте су режимін зерттеп бақылайтын арнайы 40-қа жуық нүкте бар. Болашақта олардың санын 120-ға жеткізу көзделіп отыр. 

Шымкенттегі пәтерлердің су реттегіш құралдарын цифрландыру жағдайына келсек, қазір бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен. Бұл – жақсы нәтиже. Мекеме алдағы жылы қалған 40 пайызды орындамақ. Тағы бір атап өтерлік жайт, енді көпқабатты пәтерлердегі немесе жекеменшік үйлердегі су реттегіш құралдары цифрландыру талаптарына сай болмаса, ол іске қосылмайтын заң қабылданды. Бұл да елеулі жаңалық болып отыр.
Айта кетейік, қала тұрғындарына тіршілік нәрін беріп отырған «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 1998 жылы құрылған. Бұл кәсіпорын қаладағы 200 мыңға жуық тұтынушысына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Тұрғындармен смс, электронды пошта немесе әлеуметтік желі арқылы тығыз байланыс орнатылған. Соның нәтижесінде су арнасындағы ақаулар дер кезінде жөнделіп, қауіптің алдын алуда.

Последнее изменение Пятница, 09 Ноябрь 2018 10:00
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.