SANTO Еуропалық Одақ нарығына бет алды Избранное

Среда, 14 Октябрь 2020 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1652 раз

Шымкентте отандық өнім өндірісін жандандыру жұмысы қарқын алған. Әсіресе, фармацевтика саласында еліміздегі бірегей компания SANTO тауар белгісімен өнім өндіруші «Химфарм» АҚ фармацевтикалық компаниясы (SANTO Member of Polpharma Group) соңғы екі жылда экспорт көлемін 2,5 есеге арттырып отыр. Бүгінгі таңда көрші Қырғызстан, Тәжікістан, Түркіменстан және Ресей нарығында жоғары сұранысқа ие дәрілік преператтар Моңғолияда да танымал. Шымкентте жасалған дәрі-дәрмек алдағы кезде Еуропалық Одақ нарығына да шығарылмақ.

509

 

Айта кету керек, SANTO компаниясына әйгілі бренд, халықаралық Polpharma фармацевтикалық компаниясы 100 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған. Дәрі-дәрмек өндірісіндегі ең ірі отандық компания ретінде танылған зауыттың өндірістік циклі GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Сондай-ақ, өндіріске GDP дистрибьютерлік практикасын енгізген кәсіпорын.
Қазір қоғамда қалыптасып отырған карантин режимі бұл зауыттың жұмыс қарқынын арттыра түскен. Көктем, жаз айларындағы төтенше жағдай тұсында дәрі-дәрмекке деген сұраныс күрт артып кеткені рас. Тұтынушы фармацевтикалық заттарды шамадан тыс мөлшерде сатып алуға ұмтылды. Импорттық преператтар таусылып, тасымалдау ісі тығырыққа тірелгенде отандық дәрі-дәрмек өндіруші кәсіпорындарға үлкен сенім артылды.
Бұл жауапкершілік жүгін лайықты көтеруге тырысқан «Химфарм» АҚ зауыты тәулік бойы жұмыс режиміне әлдеқашан көшкен. Қажет шикізатты жеткізу және дайын өнімді жөнелту логистикасы тәулік бойы жұмыс істеуде.

510


«Компания барлық ықтимал өндірістік резерв пен қуаттылықты анықтауға және іске қосуға, өндірістік тәртіпке, санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылауға баса назар аударады. Пациенттердің денсаулығына жауапты бола отырып, барлық қажет шаралар қабылданды, дәрі-дәрмек өндірісі жалғастырылды және өндіріс көлемін арттырды. Соңғы 7 жылда мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде Santo компаниясының Қазақстанның фармацевтика нарығындағы үлесі 4,7%-дан 6,0%-ға дейін ұлғайды», - дейді компания жетекшілері.
Енді 2021 жылдан бастап Santo компаниясы өз өнімдерін Өзбекстан нарығына шығу арқылы экспортты екі есеге арттыруды жоспарлауда. Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың дәрілік нарығына шығуға күш салуда. Бұл 2023 жылға қарай экспорт көлемі 16 млрд.теңгеге дейін артады деген сөз.
Шымкентте жасалған дәрілік преператтардың осылайша еуропалық нарықта ойып алар өзіндік орны қалыптасатын күн алыс емес. Кәсіпорын қазіргі таңда өндірістік 11 желіде
9 түрлі нысандағы 120-дан астам дәрілік зат шығарып отыр. Ал жыл соңына қарай дәрілік заттардың 10 жаңа позициясын нарыққа шығаруға мүмкіндік туып тұр. «2023 жылға қарай компания науқастарды емдеу үшін Қазақстанда өндірілген дәрілік заттардың 50-ге жуық жаңа номенклатуралық позициясын іске қосады» дейді компания мамандары.
Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетейік, «Химфарм» АҚ – SANTO Member of Polpharma Group (SANTO компаниясы) сауда белгісімен Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарығында жұмыс істейтін Polpharma халықаралық фармацевтика тобы. Компания бағасы қолжетімді, жоғары сапалы дәрілік заттарды шығару арқылы Қазақстан мен Орта Азияда танымал. Бүгінгі таңда SANTO қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер арасында жетекші орын алады. Компания өндірісінде терапияның әртүрлі салаларында науқастарды емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топтағы 240-тан астам генерикалық препарат бар.