Бекітілген жұмыс жоспарын сапалы жүзеге асыру мақсатында қала әкімі нақты тапсырмалар берді:
-апта сайын азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасап, баяндау;
-ана мен бала өліміне жол бермеу мақсатында кешенді жұмыс жоспарын бекіту;
-электр қуатын үнемдеу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;
-егілетін ағаш орындары мен суағар мәселесін тыянақты дайындау;
-білім сапасын көтеру бағытында мектептерді жіті бақылауға алу;
-мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаларды қатаң бақылау.
Жұмыстардың орындалу барысы хаттамамен бекітіліп, нәтижесі әр аптада баяндалуы тапсырылды.