ХАЛЫҚТЫҢ ҚУАНЫШЫ ЕСЕЛЕНДІ Избранное

Пятница, 26 Август 2022 05:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 588 раз

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бекжанов, Берік Оспанов және Фахриддин Қаратаев Шымкент қаласына іс-сапар аясында Сәуле шағынауданының 276-орамында болып, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Болашақта 5 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді деп жоспарланған бұл шағынауданда сапалы электр қуаты жүйесі іске қосылды.

15

 

Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мамандарының деректеріне сүйенсек, 276-орамда электр жүйесін жүргізу жұмыстары өткен жылы басталған. Құрылыс жұмыстарын «Ақсемсерстройсервис» ЖШС жүргізіпті. Мұнда жалпы ұзындығы 76,2 шақырым электр желісі тартылып, 21 трансформатор мен 1 электр тарату станциясы салынған. Тұрғындар бұған дейін электр қуатының әр киловаты үшін жекеменшік жеткізушілерге 25 теңгеден төлеп келсе, енді 17 теңгеден төлейді.
276-орамда өткен жылы ауыз су құбырларын тарту жұмыстары аяқталған. Ал биыл табиғи газ жеткізуде 28 шақырымдық құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Жалпы, Шымкентте халықты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында 16 нысанда құрылыс жүріп жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 98 пайыздан 99 пайызға дейін өседі деп күтілуде.
Мәжіліс депутаттары, сонымен қатар, Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам-195 орамына газ беру салтанатты іс-шарасына да қатысты.
Бұл орамда 800-ден астам үй қоныс тепкен. Нақты 4140 адам өмір сүреді.
Газ құбырының құрылысы 2020 жылы басталған еді. Былтыр жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, жұмыстар толық аяқталған.
Оған қоса, осы күні Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабы Тассай бөлімшесінде табиғи газ жүйелерінің қүрылысы аяқталып, тұрғын үйлерге көгілдір отын кіргізілді. Аталған аймақта барлығы 437 үйде 2800 адам тұрады.