ТЕЗ БАЙЫП КЕТЕМІН ДЕП...

Пятница, 15 Апрель 2022 03:41

немесе Шымкентте 11 207 адам қаржы пирамидаларынан зардап шеккен

Ақтөбе қаласында тіркелген «Выгодный займ» атты компания «Автокөлігіңізді нарықтағы құнынан 20 пайыз қымбатына сатып аламыз» деген хабарландыру таратқан. Қолындағы мүлкін нарықтағы бағадан қымбатқа сату мүмкіндігі бар болса, кім одан бас тартсын? Темір тұлпарын жақсылап пұлдағысы келген талай адам әлгі серіктестіктің бөлімшелеріне қарай бет алған. Тиімді келісімнің бір ғана нюансы бар еді: көлікті 20 пайыз қымбатына сатасың, бірақ, ақшасын қолма-қол емес, кейінірек аласың. Пайдаға кенелгісі келген жұрт бұған да келіскен.

21

Өткен жылы Шымкент қаласында 5 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Сондай-ақ, 3 магистралды газ құбыры мен №3 автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттің есебінен 6 миллиард 100 миллион теңге қаржы жұмсалған. Соның нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетіп отыр.

168

Жаңадан жасақталған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда кеңес мүшелеріне төсбелгі мен куәліктері салтанатты түрде табыс етілді. Қоғамдық кеңестің отырысына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып, жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі.

169

Шымкент қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына отбасында зорлық-зомбылық көрген және өмірлік қиын жағдайға тап болған 164 азамат көмек сұрап жүгінген. Олардың ішінде 84 адам, тарқатып айтсақ, 21 ана мен 63 бала дағдарыс орталығында уақытша жатын орынмен қамтамасыз етілген. Соның ішінде жағдайы тұрақтанған 10 әйел орталықтан өз еркімен шыққан. Орталық мамандары көрсеткен психологиялық көмек пен медиациялық қызметтің арқасында 9 отбасының ажырасуының алды алынып, әйелдер үйлеріне оралған.

166

Мемлекеттің қуаты да, дамудың қозғаушы күші де – адамдар. Иә, Сіз бен біз елдің байлығымыз. Сіздің адалдығыңыз, еңбекқорлығыңыз, белсенділігіңіз, біліміңіз бен біліктілігіңіз, жақыныңызға жасаған қамқорлығыңыз бен айналаңызға төккен мейіріміңіз, ал, ең бастысы, Сіздің өзіңізге, жақсылыққа және болашаққа деген сеніміңіз – Қазақ-станның нағыз байлығы осылар. Көптің бойындағы осындай ізгі қасиеттер топтаса келіп кәдімгі алып күшке, сарқылмайтын мол энергияға айналады. Егер осының бәрі болмаса, Қазақстанның қазба байлықтарының да, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің де мәні болмайды.

160

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толады. Бұл Шымкент қаласы үшін аса маңызды дата деуге болады. Себебі,
А.Асқаров – қаланың дамуы мен көркеюінде маңызды рөл атқарған тарихи тұлға.

155

Шымкент жастар лигасының кезекті жарысы ұлдар арасында баскетболдан өтті. Сайыста Қаратау ауданы бойынша 36 мектептің командалары өзара бақ сынасты.

152

Шымкентте жұмыс істеп тұрған 1 арнайы экономикалық, 2 индустриалды және 1 көлік-логистикалық аймақта 123 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Аталған аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын тартуға бюжеттен бөлінген әр теңгеге 22 теңгеден инвестиция тартылған. Соның нәтижесінде бұл зауыт-фабрикалар мемлекеттік бюджетке 36 миллиард теңгеден астам салық төледі. Бұл туралы Базарқақпа тұрғын алабында Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездескен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

131

Страница 5 из 25