Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы “Alageum Electric” директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ондағы басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру.
Биылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнаулы әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Кәрібайұлы өңірлік коммуникациялар алаңында айтты. Жалпы, жаңа арнаулы әлеуметтік көмек Мемлекет басшысының былтыр қыркүйекте берген нақты тапсырмасы аясында жүзеге асуда.
Шымкентте жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім соңғы екі жылда 22 пайызға азайған. Дәрігерлер мұны жүректің ишемиялық және өткір коронарлық синдром ауруларында науқастарға дер кезінде сапалы медициналық көмектің көрсетілуімен байланыстырады.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының аудан аумақтарында тазалық акциялары өтуде. Атап айтқанда, Абай ауданы аумағындағы Тұрлан шағынауданы Шмидта көшесінің бойында тұрғындар тазалыққа үлес қосты.
ҚР Президентінің бастамасымен қолға алвнған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы Шымкент қаласын кең ауқымда жалғасын тауып жатыр. Бұл акция жаңа экологиялық мәдениетті жә­не азаматтардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте жылу маусымына дайындық, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде, БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылаудың қорытындысы талқыланды.
Шымкент қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары С.Мүксімовтің төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында қатысушылар бюрократиядан арылту бағытында жүргізілген талдау нәтижелерін қарастырды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһардағы бірқатар нысындарды аралады. Қаратау ауданы Тассай және Таскен шағынаудандарындағы көшелердің орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудан әкімдігі мен құрылысқа жауапты мамандарға жол жөндеу жұмыстарын сапалы әрі кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын заңды әзірлеу мен қабылдауды тапсырған еді. Жүктелген міндет шеңберінде еліміздің барлық елді-мекендері мен қалаларында «Қоғамдық қабылдаулар» мен «Ашық есік» күні жиі…
Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Нұржан Нұрханұлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, балаларды суда жүзуге тегін үйрету, заң талаптарын бұзушыларды жауапқа тарту сынды жұмыстардың нәтижелерін баяндады.